Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»БЕС МЫҢ БАЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
    Басты ақпарат

    БЕС МЫҢ БАЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

    13.08.2021

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті рет тікелей эфирге шығып, тұрғындар сұрақтарына жауап берді.
    Эфир биылғы мамыр айында қолданысқа енгізілген мемлекеттік тапсырыс арқылы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру жүйесі тақырыбына арналды.
    Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортын дамыту жөніндегі нақты тапсырмасы бар екендігін атап өткен қала басшысы спортты дамытуда мақсатты жұмыстар атқарылып отырғандығын айтты.
    Бұл бағытта мектептердегі спорттық үйірмелерге 156 мың бала қамтылып, спорт мектептерінде және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жұмыс жүргізетін 5 спорттық ұйымға 17 мың бала тартылған.
    Спорттық нысандардың тұрғындарға қолжетімді болуын ұйымдастыруда шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 115 спорт алаңшаларын орнату бастамасы қолға алынып, іске асырылуда.
    Қала әкімі Президент тапсырмасына сәйкес биылғы жылы спорттық және шығармашылық секцияларға жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізілгенін атап өтті. Жаңа жоба бойынша 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар мемлекеттік тапсырыспен кез-келген спорт секциясына, шығармашылық үйірмесіне тегін бара алады.
    Жаңа жобаға сәйкес ата-аналардан спорттың 71 түрі бойынша өтініштер қабылданады. Қазір спорттың бокс, футбол, грек-рим күресі, жүзу спорты, үстел теннисі, каратэ, таэквондо, дзюдо, баскетбол түрлері бойынша ата-аналардан 2211 өтінім түскен. Жобаны іске асыруға биылға 339,8 млн теңге қаралып, 4096 баланың спорттық секцияларға баруына мүмкіндік берілген.
    Шығармашылық үйірмелер бойынша бір мың баланы қамтуға 72 млн. теңге қаралған. Мемлекеттік тапсырыс 13 шығармашылық бағытты қамтиды. Ата-аналардан ұлттық би, халық биі, балл биі, деректі және көркем киносы, актерлық шеберлік үйрмелері бойынша 689 өтінім түскен. Балаларын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге жаздырғысы келген ата-аналар artsport.edu.kz бірыңғай интеграцияланған білім беру платформасы арқылы өтініш қалдырады.
    Жүйенің ерекшелігі – әрбір ата-ана спорттық секцияны немесе шығармашылық үйірмені өзі таңдай алады.Жаттықтырушылардың біліктілігін, нысанның орналасқан жерін таңдау мүмкіндігіне ие.
    Тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап берген қала әкімі бұл жүйе тұрақты болатынын және алдағы жылдары оған бөлінетін қаражат пен балаларды қамту көрсеткіші өсетінін атап өтті.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.