Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»EGOV ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЙ АЛАСЫЗ
Басты ақпарат

EGOV ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЙ АЛАСЫЗ

13.08.2021

Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайларды жасап, олардың өзін қоғамда толыққанды мүше ретінде сезінуіне көмектесу туралы тапсырмасы Шымкент қаласында іске асырылып келеді .Бүгінде мүгедектік тобы бар ересектер мен балалар үшін тегін санаторлы-курорттық ем алу қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар бұл үшін өтінішті екі тәсілмен бере алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері шипажайға онлайн жолдаманы қалай алатыны жөнінде толығырақ айтып берді.
Қазір бұл қызметті екі тәсілмен рәсімдеуге болады. Онлайн түрде EGov порталы арқылы жолдамаға өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
— ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметін табу
— қызметке онлайн тапсырыс беру, керекті мәліметтерді толтыру
— өтінімді ЭЦҚ арқылы немесе смс арқылы келген құпиякод көмегімен қол қою.
Қызмет нәтижесін жеке кабинет арқылы тексеріп отыруға болады. Қызметті смс-паролінің көмегімен алу үшін міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы береді.
Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеу үшін өтініш берушінің өзімен бірге жеке куәлігі, мүгедектігін растайтын құжаттар, жеке оңалту бағдарламасы әзірленген іс-шаралар туралы жазба көшірмесі, егер заңды өкілі жүгінген болса, мүгедектігі бар азаматтан сенімхат тапсырылуы қажет.
— Мүгедектігі бар азаматтарға карантин кезінде ХҚО-ға барудың қажеті жоқ, eGov порталы арқылы өтініш беру жеткілікті. Қызмет нәтижесі туралы SMS хабарлама келеді. Сондай-ақ өтініш нәтижесі туралы ақпаратты жұмыспен қамту бөлімінің анықтама бөліміне қоңырау шалу арқылы білуге де болады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 10 жұмыс күні. Мүгедек азаматқа санаторлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешімімен тағайындалады.
Жыл басынан бері Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтары санаторлық-курорттық емделуге жолдама алуға 6000-нан астам өтініш қабылдаған.
Толығырақ мәлімет алу үшін 27-71-53 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

21.08.2026

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026

Казахстан и США определили новые направления стратегического экономического партнерства

30.06.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.