Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ЕКПЕ АЛУҒА ҮНДЕЙТІН АКЦИЯ ӨТТІ
    Басты ақпарат

    ЕКПЕ АЛУҒА ҮНДЕЙТІН АКЦИЯ ӨТТІ

    13.08.2021

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылға арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында былтыр басталған індеттің әлемдік дағдарыс тудырып, миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын айта келіп, бұл сынақтан өтіп, азаматтарымыздың өмірін сақтап қалу үшін, дені сау адамдарымыздың арқасында экономикамызды дамыту үшін бір ғана жол – індетке қарсы вакцина ектіру жолы барын айтқан болатын.
    Соған байланысты Шымкент қаласының басшылығы көптеген іс-шаралар арқылы шымқалалықтардың екпе алуына қол жеткізуде. «Мен қауіпсіздіктемін» деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атсалысты. Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларда ұйымдастырылды.
    Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға «Мен қауіпсіздіктемін» браслетін таратты.
    -Қазір қаладағы эпидахуал күрделі. Мегаполистегі коронавирусты емдеу орталықтарында ауырып жатқан науқастар көп. Олардың көбісі дәрігердің кеңесін алмай, өз бетінше ем-шара қабылдағандар және вакцина алмаған пациенттер. Соның салдарынан адамдардың дерті ушығып, соңы қайғылы жағдайға ұшыруда. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алып, ауырмаудың тиімді жолы — екпе алу екенін ұмытпайық,-дейді №1 қалалық емхананың терапевт дәрігері Балнұр Пазилова.
    Айта кетейік, Шымкентте жалпы екпе алу науқаны басталғалы 394 484 адам вакцина салдырды. Оның 319 297-сі вакцинаның екі компонентін алған.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТОҚЫМА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

    13.11.2026

    ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМ PhD ДӘРЕЖЕСІН СӘТТІ ҚОРҒАП ШЫҚТЫ

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.11.2026

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.