Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»СПОРТ БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ
    Басты ақпарат

    СПОРТ БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

    13.08.2021

    Кеше қала әкімі М.Әйтенов дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдерімен Шымкентте қолжетімді және бұқаралық спортты дамыту мәселесін талқылады.
    «Салауатты өмір салты – дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты». Осылай деп мәлімдеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық және балалар спортын дамыту стратегиялық басымдық екеніне назар аударды.
    Қалада 2021 жылдың 6 айында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санының 31,2 пайызын құрады.
    Бүгінде Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорттық клуб жұмыс істейді. Атап айтқанда, Мирас спорт кешені. Мұнда 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер футбол мен дзюдо секциясына тегін қатыса алады.
    Жаңа футбол алаңында 13 жасқа дейінгі балаларға арналған республикалық және халықаралық турнирлер өткізуге болады. Жаңа спорт нысанының ашылуы күзге жоспарланған.
    Сондай-ақ, бокстан әлем чемпоны Біржан Жақыповтың «Әли спорт» клубы да бокс пен дзюдодан болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде. Мұнда 200 -ге жуық бала спорттан тәлім алып жүр. Жас спортшыларды алға қарай құлшындырушы — Біржан Жақыповтың өзі. Ол әлем чемпионы және Олимпиада ойындарына қатысушы.
    Сондай-ақ, қала әкімі Қызылжар шағынауданындағы спорт кешенінің қызметімен танысты. Мұнда ұлдар мен қыздар бокс, дзюдо, грек-рим күресі және каратэмен тегін шұғылдана алады. Клуб каратэ мен күрестен алғашқы чемпиондарын дайындап шығарды.
    Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, қазақстандықтардың 35 пайызы бұқаралық спортпен қамтылуы тиіс. Осыған байланысты қала аумағында әрбір қала тұрғынын спортпен қамту үшін көптеген спорт алаңдарының құрылысы жоспарланған.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.