Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»Шымкенттік полицейлер алаяқтарды құрықтады
    Басты ақпарат

    Шымкенттік полицейлер алаяқтарды құрықтады

    16.08.2021

    Еліміздегі карантиндік шектеулер кезінде де азаматтарды алдап-сулап ақшаларын иемденіп кету сияқты алаяқтықтар тиылмай тұр. Шымкент қаласы полиция Департаментінің қызметкерлері пандемия жағдайында да өз жұмыстарына тыңғылықтылық танытып, азаматтардың құқықтарын қорғап, құқық бұзушылықтың алдын алуда нәтижелерге жетуде.
    Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз екі әйел «үй құжаттарын заңдастырып береміз»-деп, 3000 АҚШ доллары және 205.000 теңге ақшасын алып, алдап кеткенін көрсеткен.
    Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілген. Нәтижесінде, алдап кеткен жергілікті тұрғындар анықталып, басқармаға жеткізілді.
    Енді бір осындай оқиға барысында Мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз ақша алып беремін деп алдап кеткен алаяқ анықталды. 2021 жылдың 11-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз 5.000.000 теңге алып беремін деп, 175.000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.
    Әл-Фараби АПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді.  Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
    Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТОҚЫМА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

    13.11.2026

    ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМ PhD ДӘРЕЖЕСІН СӘТТІ ҚОРҒАП ШЫҚТЫ

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.11.2026

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.