Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ТАЗАЛЫҚҚА ШАҚЫРАТЫН ТАҚТАЙШАЛАР ОРНАТЫЛДЫ
    Басты ақпарат

    ТАЗАЛЫҚҚА ШАҚЫРАТЫН ТАҚТАЙШАЛАР ОРНАТЫЛДЫ

    17.08.2021

    Күнделікті өмірімізде қала тұрғындарының арасында қоқысты тиісті орынға тастамай, көрінген жерге тастап кету, абаттандырылған аймақты бүлдіру, тағы басқа да тазалықты сақтамай тұрмыстық құқық бұзушылыққа бару оқиғалары орын алып отырады. Шымкент қаласының әкімі шымқалалықтарды тазалық мәдениетіне үйрету, өз үйінің айналасы мен ауласының таза болуына жанашырлық танытуға тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу арқылы қаланың тазалығына қол жеткіземіз, деп айтқанындай әкімдік пен тазалыққа жауапты мекемелер қызметкерлері тұрғындарға тұрмыстық құқық бұзушылыққа бармай тазалықты сақтауды дағдыға айналдыруына қол жеткізу үшін тынымсыз түрлі іс-шаралар жүргізуде. Қала тұрғындарының табиғатты аялап, тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында қанатты сөздер жазылған арнайы тақтайшалар орнатылды. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, аудан әкімдігі мамандары және қала еріктілері бірлесе табиғатты қорғауға шақыратын тақтайшаларды саябақтар мен гүлзарларға, көпқабатты үй аулаларына орнатты.
    — Басты мақсат — табиғат құндылықтарын сақтап, тұрғындарға қоршаған ортаға жанашырлық таныту керектігі туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсетеді. Тазалықты әр азамат өзінен бастаса сүбелі нәтижеге қол жеткіземіз, — деді аудан әкімі аула тұрғындарына.
    Аталған лозунгтар шымкенттіктердің өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді деген үміттеміз.
    Қаланың бет-бейнесі — тазалықта. Шаhар тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, өз туған жерінің тазалығына үлес қосуға шақырамыз.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

    16.11.2026

    КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

    16.11.2026

    Қазіргі заман қаһармандары – жас ұрпаққа үлгі

    16.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

    16.11.2026

    КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

    16.11.2026

    Қазіргі заман қаһармандары – жас ұрпаққа үлгі

    16.11.2026

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТОҚЫМА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

    13.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.