Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Басты ақпарат

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

19.08.2021

Қазақстанның болашағы жастар екенін, оларды заман талабына сай етіп тәрбиелеп, білімдарлықты бойына сіңіру арқылы еліміздің болашағын жарқын ете алатынымыз анық. Сондықтан да «Жастар саясаты» негізінде мемлекет тарапынан жас ұрпақтың тәрбиесі мен заманауи білім алуына мүмкіндігінше жағдай жасалуда. Оның ішінде Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі білім беру сапасы әлемдік стандарттарға жауап бере алады. Осы мектептің оқушылары әлемдік, халықаралық білім олимпиадаларында көк байрағымызды желбіретіп, қазақстандық жастардың үздіктер қатарынан көрінуіне үлес қосып келеді.
Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Тазабек Еркебұлан география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IGEO-2021) күміс медаль жеңіп алды. Оны тәрбиелеп дайындаған ұстазы Ақбөпе Жаманқұлқызы.
Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 46 елінен 200 оқушы қатысты.
Олимпиадаға Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан төрт оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Зияткерлік сайыстың тапсырмаларын жоғары деңгейде орындаған қазақстандық төрт қатысушының үшеуі жүлдегер атанды.
IGEO олимпиадасы үш бөлімнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тест және далалық тур, оның форматы географиялық жағынан көптеген ұлттық олимпиадаларға ұқсас. IGEO негізінен қатысушылардың кеңістіктік қатынастары мен процестерді түсінуін, сондай-ақ осы білімді іс жүзінде экономикалық мақсаттарда қолдану қабілетін тексеретін олимпиада.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.