Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫ ЕҢБЕККЕ ШАҚЫРАДЫ
    Басты ақпарат

    «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫ ЕҢБЕККЕ ШАҚЫРАДЫ

    19.08.2021

    Мемлекеттік Жастар саясатының басты бағыттарының бірі жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту болып табылады. Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Жастар практикасы» арқылы жастарды жұмыспен қамту қарқынды жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама арқылы жемісін көрген жастардың бірі – Перизат Абдижаппаркызы. Ол былтырғы жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша білім алған. Жас маман оқу бітірген соң қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелді. Кейінен орталық мамандары жас маманға «жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға ұсынып, нәтижесінде биылғы жылдың мамыр айында аталған бағдарламамен Абай ауданы әкімінің аппаратына мамандығы бойынша 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды.
    — Жастар практикасы бағдарламасы арқылы жергілікті мемлекеттік органға жолдама алдым. Осы жердегі білікті мамандардың тапсырмаларын орындап, тәжірибе жинақтаудамын. Алдағы уақытта білімім мен жинаған тәжірибемнің арқасында тұрақты жұмысқа кірсем деген мақсатым бар,-дейді 23 жасар қала тұрғыны.
    Жалпы,«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік.
    Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК (72 925 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады. Көптеген жастар сол бір реттік мүмкіндікті пайдаланып, өзін жақсы жағынан көрсетудің арқасында тұрақты жұмысқа тұрып кетуде.
    Шымкентте жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл басынан бері 2000-ға жуық шымкенттік жастар аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.