Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ТЕГІН СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫМЕН ҚАМТУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
    Басты ақпарат

    ТЕГІН СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫМЕН ҚАМТУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

    20.08.2021

    Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын, жас ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне ерекше назар аудару қажет екендігін атап өткен болатын. Оған қоса мемлекеттің жастарға арналған саясатында жас ұрпақты жан-жақты дамыған, бос уақытын тиімді пайдалана білетін азаматтар етіп қалыптастыру басты міндеттердің қатарында.
    Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында тиімді іс-шаралар атқарылуда. Тұрғын алаптарда балалар спорт алаңшалары жасақталып, спорт кешендері де салынуда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде спорт кешендеріне секцияларға балаларды тегін қатыстыру мүмкіндіктері де қарастырылуда.
    Қала әкімінің бастамасымен алғаш рет қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен «Шымкент жастар лигасы» өткізілді. Жастар лигасына 140 жалпы орта мектептің 536 командасы қатысты. Ойындарға 8569 оқушы қамтылды.
    Сондай-ақ, Шымкент қаласында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларында шұғылданушылардың санын арттыру үшін тиісті инфрақұрылымды және қосымша жұмыс орындарын көбейту мақсатында спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру іске асырылуда.
    Бүгінгі таңда қалада 4096 балаға 71 спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен (жан басына шаққандағы қаржыландыру) 339,8 млн теңге қаржы бағытталды. Бұл көрсеткіш 2021 жылы жалпы бос балалардың қосымша спорттық секциямен қамту үлесінің 5,3 %-ын құрайтын болады.
    Айта кетейік, бүгінде қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорт клубы жұмыс істейді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.