Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ЖҰМЫСҚА ТҰРУҒА ЖОЛ АШАДЫ
    Басты ақпарат

    ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ЖҰМЫСҚА ТҰРУҒА ЖОЛ АШАДЫ

    02.09.2021

    Мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша Шымкент қаласында барлық салаларда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – жастарды жұмыспен қамту мәселесіне қатысты «Жастар практикасы» бағдарламасы.

    Шымкенттік жас Дінмұхамед Абзалбек – мемлекеттік бағдарламаның жемісін көргендердің бірі. Жас маман М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған.

    Оқу бітірген соң, бірден жұмыссыз мәртебесін алып, биыл наурыз айында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қоғау басқармасына жастар практикасы бағдарламасымен 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды.

    – Осы бағдарлама арқылы ең алдымен әлеуметтік салада кәсіби тәжірибе жинақтап жатырмын. Алдағы уақытта жинаған тәжірибемнің арқасында тұрақты жұмысқа орналасқым келеді, – дейді 22 жасар қала тұрғыны.

    Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК құрайды. Бағдарламаға қатысуға ниетті жастар тұрғылықты мекен-жайы бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлімшелеріне жүгіне алады.

    Шымкентте жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл басынан бері 2176 шымкенттік жас аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026

    БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: ТОҚАЕВ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМА ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫН БЕКІТТІ

    23.11.2026

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026

    БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: ТОҚАЕВ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМА ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫН БЕКІТТІ

    23.11.2026

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙЫП, 7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН БІРГЕ ҚАЛАЙТЫН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ, АЛ ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

    20.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚУАТЫН АРТТЫРУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ

    20.11.2026

    Шымкентте «Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды

    20.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.