Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Басты ақпарат

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

07.09.2021

Шымкент қаласының «Асар» шағынауданындағы № 90 мектепте ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау бойынша Қаратау ауданының актив мәжілісі өтті,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы мақсатта бұған дейін қала активімен, 3 ауданның тұрғындарымен кездескен болатын. Мұрат Дүйсенбекұлы Қаратау ауданы тұрғындарына да Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, алдағы жоспарлардан хабардар етті.
Жиынға зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органы қызметкерлері қатысты.

Жиында алдымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков баяндама жасады. Сәкен Аралбайұлы еліміз саяси және әлеуметтік-экономиканы қалпына келтіріп, ұлттық маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асырып жатқанына тоқталып өтті.

Қала әкімі М. Әйтенов мәжілісте Жолдау аясында шаһарда жүзеге асатын жұмыс жоспарларын баяндады.
– Мемлекет басшысы Жолдауда 70-ке жуық тапсырма берді. Жолдауда айтылған 7 бағытты қала көлемінде жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылданады. Экономиканы әртараптандыру міндеттеліп отыр. Қала экономикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлікті қолдауға 7 млрд теңге бағытталып, 2250 бизнес өкіліне қолдау көрсетілетін болады. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында бүгінге дейін 57,4 млрд теңгеге 1 788 жоба қаржыландырылып, 7,2 мың жұмыс орны ашылды. Яғни, қалада ашылған әрбір үшінші жоба аталған бағдарлама аясында іске асты. «Қарапайым заттар экономикасы бойынша биылға жоспарланған 80 жобаның 61 жобасы қаржыландырылды. Қаланың экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында «Жұлдыз» индустриалдық аймағында 60 ірі жоба, «Стандарт» жеке индустриалдық аймақта 30 жоба іске асыру көзделуде. Халықты азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету мақсатында қалада 2 агроиндустриалды аймақтың құрылысы басталды. Ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуде «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып, құны 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асады, – деді қала әкімі.

Президент Жолдауы – стратегиялық құжат. Қала әкімі Жолдауды іске асыруға барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар жұмылатынын мәлімдеді. Жолдауда қамтылған басымдықтарды халыққа жеткізуде арнайы топтар құрылуда. Олардың құрамына аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және басқа да белсінді азаматтар енгізіліп

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.