Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ШЫМКЕНТ: ЗИЯТКЕР ОҚУШЫЛАР ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ПАШ ЕТПЕК
    Басты ақпарат

    ШЫМКЕНТ: ЗИЯТКЕР ОҚУШЫЛАР ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ПАШ ЕТПЕК

    15.09.2021

    Шымшаһардағы білім беру мекемелерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сабақтар жалғасуда. Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі оқушылар арасында да Тәуелсіздік ұғымы насихатталып, оның тарихи алғышарттары мен саяси көрінісі түсіндірілді.

    Мектеп директоры Кайырбек Сәбитұлының айтуынша, қыркүйек айына жоспарланған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы ашық сабақты қытайлық әріптестерімен де онлайн өткізбек. Бұл тәрбие сағаты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» авторлық бағдарламасы негізінде әзірленген.

    Бүгінгі іс-шараны қаладағы жетекші 30 мектептің 900 оқушысы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің youtube-тағы арнасы арқылы тікелей трансляцияда тамашалады. Сабақ барысында 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі маңызды хронологиялық кезеңдер түсіндірілді.

    – Жобаның басты мақсаты – оқушыларға тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы еңбегін жеткізу. Назарбаев Зияткерлік мектептері – тәуелсіздік тарту еткен тәтті сый. Мұнда қаншама баланың арман-қиялы шындыққа айналып, биік шыңдарды бағындыруда. Биыл мектебімізде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті — Елбасының «Өркен» білім грантын 145 үміткер иеленіп, 7-сыныпқа оқуға қабылданды. Озық ойлы шәкірттеріміздің жарқын жетістіктерімен алдағы жылдары елеміздің барлық саласы дамиды деген үміттеміз, — дейді Кайырбек Буксукбаев.

    Ашық сабаққа қатысқан Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров Қазақстанның экономикалық дамуы, ел тәуелсіздігінің рөлі мен халықаралық аренадағы жетістіктері туралы оқушыларға өз ойын айтса, айтыскер ақын Абылай Құлтай тәуелсіздіктің құрдасы екенін қара өлеңмен жеткізді.

    Азамат ЖАППАР

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.