Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

    25.06.2022
    Түркістан өңірінде облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Этносаралық қатынастар саласындағы медиасауаттылықты арттыру тақырыбында семинар-тренинг өтті.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын БАҚ-та жандандыру, жалған ақпараттың таралуына қарсы заң аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру.
    Келелі жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшылығы, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшелері, аудандық, қалалық газеттердің бас редакторлары қатысты. Семинарды Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек жүргізіп отырды.
    Семинар-тренингте сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ҚХА хатшылығы және этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы Тимур Оралбеков қоғамдық келісімді нығайту бағытында өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ел тұрақтылығын сақтауда ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды екенін атап өтті.
    Күн тәртібінде журналистердің этносаяси сауаттылығын арттырудың өзектілігі туралы ой-пікірлер қызу талқыланып, бұл бағытта ақпараттық және медиа сауаттылықты көтеру, фактчекингтің қажеттілігі сөз болды.
    Спикерлер қатарында «Turkistan Media Holding» ЖШС басқарушы директоры, республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Тельман Бейсенов этносаралық қатынастардағы БАҚ-тың және әлеуметтік желінің рөлі туралы ой қозғап, сындарлы пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ семинарда «Қызмет» газетінің Бас редакторы, «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова этносаралық қатынастар туралы халыққа ақпарат берудің басты ерекшелігі және жауапкершілігі бойынша мазмұнды ойларымен, пайдалы тәжірибесімен бөлісті.
    Семинар-тренинг барысында сөз алған бірқатар БАҚ өкілдері пікірталастарда белсенділік танытып, пікір-ұсыныстарын ортаға салды.
    Іс-шара соңында семинар жұмысына қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Сондай-ақ өңірдегі этносаралық татулықты, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар БАҚ өкілдері Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары — Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариевтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.