Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ДӘУРЕН АБАЕВ СПОРТ ТӨРЕШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫН КӨТЕРУ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ДӘУРЕН АБАЕВ СПОРТ ТӨРЕШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫН КӨТЕРУ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ais_mediaBy ais_media01.07.2022Updated:01.07.2022Комментариев нет3 Mins Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Қатысушылар өңірдегі мәдениет нысандарын қайта құру, туризм мен бұқаралық спортты дамытуға қатысты сұрақтар қойды.
Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов модераторлық етті.
– Біздің бүгінгі кездесуіміз – демократияландырудың, бүкіл мемлекеттік биліктің транспаренттілігін арттырудың және атқарушы органдардың жауапкершілігінің тағы бір дәлелі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықпен тұрақты кездесулер «Жаңа Қазақстан» жақсы белгісі болуы тиіс деп санаймын, – деді министр.
Кездесу барысында Дәурен Абаев соңғы 3 жылда Түркістан облысының туризм саласына инвестиция көлемі 255,8 млрд теңгеге жеткенін атап өтті.
– Қысқа мерзім ішінде облыста 40-тан астам жаңа қонақ үй мен 30-ға жуық мәдени нысан іске қосылып туристерге қызмет көрсетіп отыр. Олардың бірегейі – «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешені. Бұл нысан өңірдің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосуда. Жаңа 600 жұмыс орынымен қамтамасыз етіп, 208 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартып отыр. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы сомасы 86,9 млрд. теңгені құрайтын 35 туристік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, – деді министр.
Министр сонымен бірге Түркістан облысында 685 мәдениет мекемесі жұмыс істейтінін хабарлады. Осы жылы өңірде 3 нысанның құрылысы және 14 мәдениет нысанының жөндеу жұмыстары, сондай-ақ мемлекеттік тілде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін кітапхана қорын ұлғайту жоспарланған.
Дәурен Абаев басым міндеттердің бірі – бұқаралық спортты дамыту екенін атап өтті. Осы мақсатта Түркістан облысында 5 жаңа нысан салу және 1 спорт нысанын қайта жаңарту көзделген. Сонымен қатар министрлік жұмысының маңызды бағыты – спорт төрешілерінің еңбекақысын арттыру.
– Біз спорт төрешілерінің еңбекақысын көтеруге бастамашы болдық. Үлкен жұмыс атқарылды. Бұл көптеген төрешілер үшін қосымша мотивация болады және мамандықтың беделін арттыруға, жаңа мамандардың келуіне ықпал етеді. Сайып келгенде, барлығы: спортшылар, жанкүйерлер және жалпы сала жеңетініне сенімдімін. Жарыстар да сапалы жаңа деңгейге шығуы керек екені анық. Осылайша, 2024 жылға қарай спорт төрешілерінің жұмысына ақы төлеу БЛЖ-дан 100% — ға дейін ұлғаяды. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмей келді, – деді министр Дәурен Абаев.
Сонымен халықаралық санаттағы ұлттық төрешілердің базалық лауазымдық еңбекақысы 2654,6 теңгеден 17697 теңгеге дейін, жоғары санаттағы ұлттық судьялардың еңбекақысы 2123,6 теңгеден 15927 теңгеге дейін, жоғары санаттағы ұлттық судьялардың еңбекақысы 2123,6 теңгеден 15927 теңгеге дейін, спорт бойынша ұлттық судьялардың еңбекақысы 1769,7 теңгеден 14158 теңгеге дейін ұлғаяды. Спорт төрешілері – 1238,8 теңгеден 10618 теңгеге дейін, 1415,8 теңгеден 12388 теңгеге дейін. Бұл жарыстың бір күні үшін төленетін төлем. Егер жарыс бірнеше күнге созылса, бұл төлем жарыс күндерінің санына көбейтіледі. Айта кету керек, бұл еңбекақы емес.
Кездесу барысында министр барлық қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ БАҚ үшін брифинг беріп, азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Сондай-ақ Дәурен Абаев облыстың бірқатар мәдени-тарихи, спорттық және туристік нысандарын аралады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
ais_media

Related Posts

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026

Казахстан и США определили новые направления стратегического экономического партнерства

30.06.2026

СТУДЕНТЫ ZHANIBEKOV РАЗРАБОТАЛИ AI-ПЛАТФОРМУ ДЛЯ ОБУЧЕНИЯ КАЗАХСКОМУ ЖЕСТОВОМУ ЯЗЫКУ

02.06.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘР АЛАҢНЫҢ ӨЗ МӘСЕЛЕСІ БАР: ПАРТИЯЛАР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА

14.08.2026

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

14.08.2026

ТАЗАЛЫҚ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

14.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІС БАЙЛАНЫСЫН НЫҒАЙТУҒА ЖАҢА СЕРПІН

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҒЫЛЫМДЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ТАНЫМАЛ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КООПЕРАЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ МАҢЫЗЫ

13.08.2026

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.