Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Дәстүрлі құндылықтар мен зайырлы қоғам
Қоғам

Дәстүрлі құндылықтар мен зайырлы қоғам

15.08.2022

Қазақстан – экономикалық өсуі тұрақты, саяси жағдайы мен
қоғамдық келісімі қалыптасқан көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет.
Бүгінде дәстүрлі дін рухани өмірдің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық өмірден шеттетілмейді. XX ғасырдың соңында кеңестік жүйеде жаңа саяси-қоғамдық және  мәдени-әлеуметтік өзгерістердің пайда болуы ұлттық танымның қалыптасуы мен рухани құндылықтардың дамуына әсер етті. Бұған осы мемлекеттердің жаппай дәстүрлі діни құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне көңіл бөлуі дәлел болады.

Бұл үрдістен Қазақ елі де қалыс қалмады, қазіргі таңда Қазақстанда діни сана-сезім дағдылы және үйреншікті құбылысқа айналды. Қазақстандық қоғамның кейбір жерлерінде дін ұлттық сәйкестіктің маңызды факторы ғана емес, қалыпты әлеуметтік тәртіпті реттейтін, нормативті-құндылықтың құрамдас бөлігіне айналды.

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген деп жазылған. Ешбір дін  мемлекеттік немесе міндетті деп бекітілмеген. Сонымен қатар, заңнаманың кіріспесінде  ханафиттік ілімдегі дәстүрлі ислам мен православие дінінің Қазақстан халқының рухани өмірі мен мәдениетінің дамуындағы тарихи рөлі көрсетілген және басқа діндерге құрметі ерекше айтылған. Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні мен православие рождествосы демалыс күндері деп белгіленіп мереке ретінде аталып өтіледі. Бұл ережеде діндердің бір-бірінен артықшылығы болмайтындықтан, діни бірлестіктердің тең құқылығын білдіреді.

Ғасырлық тарихы бар Қазақстанда мұсылмандар  мен православие дін өкілдері қатар өмір сүруде. Екі дін арасында басынан төзімділік пен тату көршілік қарым-қатынас орнаған. Екі дін өкілдері де халықты бейбітшілікке, сыйластық пен келісімге шақыру  мақсатында, бірлескен шараларға қатысып келеді.
Ислам мен православие – Қазақстан үшін дәстүрлі діндер – біздің
көпұлтты халқымыздың руханият пен мәдениеттің қайнар көзіне  айналды. Әрине, осы жағдайды конфессияаралық және мемлекеттік-конфессиялық қатынас аясында саяси негізгі бағыттарды құру барысында мемлекет ескеруі тиіс. Қазақстанның діни жағдайының жағымды факторы ретінде ислам
мен православие діндерінің көпғасырлық тарихында белгілі бір діни тепетеңдіктің орныққанын ескеру керек. Екі дін конфессияаралық диалог пен әлеуметтік қарым-қатынас арналарын ретке келтіріп, өз саласын құрды.
Бұл феноменнің пайда болуына тарихи, мәдени, әлеуметтік-саяси болмыстағы факторлар ықпал етті. Бұл — көп уақыттан бергі белсенді мәдениетаралық байланыстары бар Еуразиядағы түрік-славяндардың этно-тарихи, мәдени-ділдік тұтастығы.

Бұлардың жиынтығы қоғамның рухани өмірінің мәнін, ең жақсы қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсетеді. Ұлттық құндылықтар адамның өмірлік ұстанымын, оның қоғам мен мемлекетке деген қатынасын, өз елінің өткен, қазіргі және келешектегі жағдайына көзқарасын, ұлттық игілікті сақтаудағы жауапкершілігін орнықтырады. Қазақстан азаматтарының ұлттық рухани құндылықтары, алдымен олардың діни дәстүрлері арқылы байқалады.
Сонымен қатар, Қазақстанның рухани дамуы діни және этникалық себептері арқылы қалыптасқан. Қазақстанның этноконфессионалдық әралуандығы – ол өзге қазақстандықтар үшін басқа ұлттардың құнды мәдени игілігімен алмасуға болатын зор байлық, бүкіл біздің қоғамымыздың игілігі екенін жақсы түсінеміз.

Қазақстандықтардың ұлттық рухани құндылықтарын діни төзімділік, шыдамдылық, мейірбандық, сенімділік, кешірімділік, патриотизм, қонақжайлылық, өзге этностардың салт-дәстүрлеріне деген құрмет, еңбекқорлық, берік дәстүрлі жанұя кіретін, белгілі бір құрылым жасайды. Осы құндылықтардың барлығы қазақтың ділін құрайды. Өзінің ұлттық құндылықтарынан бас тартқан қоғам рухсыз қоғамға айналады. Әрине, бұл жағдайда басты көңіл жастарға бөлініп, олардың бойына рухани-адамгершілік  құндылықтарды сіңіру керек.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қазақтың дәстүрлі болмысы
мен өзге ұлттардың ұлттық ойлау секілді ерекшеліктерді бойына сіңірген,
этносаралық және дінаралық негізгі нәтижелі жүйесі құрылды. Бір-бірімен әрекеттестіктің нәтижесінде жалпы тұлғалық  құндылықтардың, саяси демократияның, құқықтық және әлеуметтік әділдік қағидаларының, рухани байлықтың, терең діни құндылықтардың, биік моральдік және адамгершілік мұраттардың, ғылыми жетістіктердің  жүйесі қалыптасты.
Мұндай әрекеттесу көбіне Қазақстан халқының рухани және ділдік ортақтығының нәтижесі болып табылады. Біздің елімізде әрбір этнос бір-біріне үлгі боларлықтай адамгершілік қасиеттерге ие, ешкім кемсітілмейді немесе өзін жоғары санамайды.

Ұлтының, сенімінің, саяси көзқарасының әртүрлілігіне қарамастан,
Қазақстан азаматтары үшін рухани даму, адамгершілік, заңдарды сыйлау, ортақ көзқарас   бұл — қоғамның дамуы мен тазаруының негізі.  Ал, төзімділік пен діни келісім – танымдық мұраттар мен қазақ қоғамының күнделікті өмірінің нормасы. Мемлекеттегі төзімділік пен діни келісім – тұрақтылық, әділдік және тұтастық қағидаттарының ажырамас бөлігі. Төзімділік пен діни келісім – мемлекеттегі күш қолданатын қақтығыс пен соғысты болдырмай-тын негіз болып табылады.  Сондықтан, көпконфессиялы ортадағы діни келісім мен төзімділік Қазақстан қоғамының тұрақтылығының маңызды элементі болып  есептеледі.

 

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.