Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЗИЯНЫ
    Қоғам

    КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЗИЯНЫ

    16.08.2022

    Дін – қоғамның ең қажетті  саласы.  Дінді күнделікті өмірден бөліп қарау мүмкін емес. Себебі дін – имандылықтың  кепілі. Сол себепті  егеменді ел болып қалыптасуымызда өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны ерекше. Бүгінде  қоғамдық-саяси өміріндегі діннің асыл рөлі артып келеді. Діндар мен діни бірлестіктердің саны үнемі өсіу үстінде.

    Бүгінде қазақ жерінде 130- ға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Еліміз конфессияаралық және конфессияаралық әртүрлілік бар әлемдегі санаулы елдердің бірі. Еліміздің дінаралық келісім мен үнқатысудағы құнды тәжірибесі әлем назарын өзіне аударып отыр. Олардың барлығын ортақ мүдделер мен келісімді нығайта түсетін мақсаттар біріктіреді. Дегенмен де, ел ішінде біздің өмірімізді сынап қоғамды оның ішінде жастарды адастыруға тырысатын кереғар діни ағымдар бар екенін айта кеткен жөн.

    Қазіргі таңда қоғамымыздың ең үлкен мәселелерінің бірі – теріс діни ағымдардың көбеюі болып отыр. Бұл теріс діни ағымдар қоғам бірлігіне нұқсан келтіріп, азаматтарымызға, әсіресе, жастарымызға ерекше әсер етіп, теріс жолға түсіруде. Түрлі келеңсіз көзқарастардың салдарынан көптеген отбасылардың ажырасуы отбасы институтына кері әсерін тигізіп, еліміздің бейбіт өміріне қауіп төндіреді. Олар дінімізді бұрмалап түрлі зиянды жаңалықтар әкеліп, қазақты қазақ ететін дінімізден, мәдениетімізден, ділімізден, тілімізден, салт-дәстүрімізден айырылып, халық арасында араздық пен өшпенділік тудырып, бірлік пен ынтымақтан айырғысы келеді. Кереғар діни ұйымдар  мақсатына жету үшін  топтар және жаңа мүшелерді қосу үшін өздерінің шынайы мақсатын жасыруға мәжбүр. Сол себепті де бір-біріне қарама-қайшы өздерінің идеологиясын таратуда түрлі бұрмаланған діни әрекеттерді қолдану арқылы өздерінің дұрыс жолда екендіктерін көрсеткісі келеді.  Радикалды діни ұйымдардың  әрекеттері мен көзқарастары дәстүрлі әлемдік діндердің ұстанымдарына қайшы келеді. Кереғар діни ағымдардың  әрекеттері — дінге, діни қауымға, жалпы адамзатқа қарсы қылмыс деп бағалауға болады десек артық айтпаған болармыз. Дәстүрлі дініміз  бейбітшілік пен имандылықты тәрбиеледі және адамдарға зиян келтіруге, өлтіруге жол бермейді.

    Адам зат баласының дұрыс жолдан шығып кетуінің себебтері – дәстүрлі дінді, мәдениетті, тарихты, салт-дәстүрді білмеуі. Осы кереғар діни ағымдардың идеологиясын алдын алу үшін  —  жастарымыз  қазақ халқының  ұлттық сананы сіңіру қажет. Дәстүрлі дініміздің рухани құндылықтары ұлтымыздың болашағын айқындайтын маңызды фактор. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, ой-пікірлері мен көзқарастары, дүниетанымын дәстүрлі дініміздегі  құндылықтарымен байланысты. Қорыта айтқанда болашақта  еліміз  кемел болсын десек, материялдық тұрғыға мән бергеніміздей рухани құндылық пен ұлт қуатын ұмытпай көңіл бөлуіміз керек.

     

    Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Студенттер пікірсайыста бақ сынады

    29.10.2026

    Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

    29.10.2026

    Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

    29.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТОҚЫМА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

    13.11.2026

    ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМ PhD ДӘРЕЖЕСІН СӘТТІ ҚОРҒАП ШЫҚТЫ

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.11.2026

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.