Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»КЕРЕҒАР ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ТҰРУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қоғам

КЕРЕҒАР ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ТҰРУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

16.08.2022

Кез келген мемлекеттің, қоғамның өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ғасырлар бойы қалыптасып отыратын мемлекеттің мүддесімен, ұлттың тарихымен және өмір сүру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Яғни мемлекеттің, оның қоғамының ерекшеліктерін айқындап отыратын ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар болмаса мәдениет, дін мен дәстүр, қоғамдағы тұрақтылықты, рухани тұтастықты айқындап отыратын ұлттық бірегейлік сақталмайды. Бұның барлығы ұрпақ санасында өмір сүретін ұлттық құндылықтар туралы ұғымға тікелей тәуелді. Ұлттық құндылықтардың қатарына дүниетаным, ана тілі, ұлттың ділі, дәстүрі, мәдениеті, діні, ұлттық өнер түрлері, атамекен, осы атамекенде жер рухын негіздеп отыратын ата кәсіп түрлері, білім, ғылым және т.б. жатады. Бір сөзбен айтқанда ұлттың табиғи ортасына сай өмір сүрудегі қол жеткізген тәжірибелері мен игіліктерін ұлттық құндылықтар дейміз.

Қазақ даласына Ислам діні VІІІ ғасырдың басында келді. Сол кезден бастап, бүгінгі күнге дейін қазақ жерінде Ислам діні негізгі дін болып келеді. Сондықтан да, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениеті Исламмен өте тығыз байланыста. Дін мен дәстүр қоса жүріп, еш уақытта қарама-қайшылыққа түспеген. Соңғы жылдары еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін халқымызға Ислам діні қайта оралып, мешіттер бірінен соң бірі ашылды. Осы орайда, өз кезегінде елімізге әртүрлі, ұлттық құндылықтар мен мәдениетімізге жат болып табылатын – кереғар діни ағымдар да келді. Солардың ішінде исламдық бағыттағы жат ағымдар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен мәдениетін «Исламға қайшы» деген қате түсініктерді таратуда. Сол арқылы қазақ халқының, жалпы еліміздің тұтастығы мен бірлігіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ, жат ағымның жетегінде жүрген бауырларымыз өздері ғана жат ағымға еріп қана қоймай өзге жастарды да әртүрлі іс-әрекеттермен өз қатарларына қосуға тырысып бағуда. Осы мәселелерді тоқтату және алдын алу үшін ел болып, халық болып, жалпы қоғам болып атсалысуымыз қажет.

Кереғар діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұруда ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызы ерекше. Себебі, қандай адам болмасын өз ұлтының тілін, мәдениетін, тарихы мен салт дәстүрін бойына мықтап сіңірсе, ол адамды сырттан ешкім адастыра алмайды. Сол себепті біз ел болып, қоғам болып жас ұрпақтардың бойына қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сіңдіре отырып, оларды отансүйгіш етіп тәрбиелеуге күшімізді салуымыз керек.

Ұлттық құндылықтар туралы адам танымында қалыптасатын ұғым оның болмысының негізінде жататын рухани иммунитет болып саналады. Егер адамның рухани болмысының шеңберінде бұл болмаған жағдайда, яғни қоғамда халық пен ұрпақ болмысында ұлттық қасиеттер болмаса діни секталардың қоғамдық ортадағы ықпалы өздігінен күшеюі мүмкін. Сондықтан да ұлттық тәжірибелер тәрбие негізінде ұрпақтың бойындағы ұлттық қасиеттерді оятып, нығайтып отырады. Тарихтағы небір діни адамдардың халыққа ата дінін үйретуде қоғамның, жеке адамның бойындағы қасиеттер мен тәжірибелерді дәріптеп отыруының мәні осында жатыр.  Қоғамда рухани тереңдік, мәдениеттілік, дәстүр құндылықтары болмай тұрақтылық сақталмайды. Тұрақтылық болмаған жерде дәстүрлі дін ережелері де сақтала бермейді, ол бір тарихи дүние болып қалады.  Себебі дәстүрді қалыптастыру мен дұрыс пайдаланудағы ұлттың танымы дінді сақтап отырады.

Қорыта айтқанда, халқымызды теріс діни идеологиялардан сақтандыру және оларға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз үшін дәстүрлі Ислам дінін жан-жақты кеңінен насихаттауымыз қажет. Қазақ халқының ежелден ұстанып келе жатқан дәстүрлі Ислам дінінде қазақ халқының ұлттық құндылықтары сіңіскен. Сол себепті дәстүрлі Ислам дінін ұстанған әрбір адамның бойында бейбітшілік және отансүйгіштік қасиеттері міндетті түрде болады.

 

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.