Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Әлеуметтік желі — радикализмнің басты ошағы
Қоғам

Әлеуметтік желі — радикализмнің басты ошағы

16.08.2022

Ғаламтор — дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушылардың бір-бірімен мәліметтер алмасуына тиімді құрал. Өзіміз білгіміз келген қажетті мәліметтердін жауабын, ғаламтордан тез әрі оңай табамыз. Түрлі ғаламтор желілерінің арасында адамға пайдасымен қоса, зиянын тигізетін ақпараттар жетерлік. Соның бірі – діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың идеологиясын құрайтын ақпарат көздері.

Ғаламтор желісімен таратылатын радикалды бағыттағы діни идеология­лардың көздейтіні – халыққа белгілі бір сенімдерді ұялату және өз ұйымдарына мүмкіндігінше көп пікірлес адамдарды тарту. Қазіргі ақпараттық қоғамда ұйымдар үшін әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмысын жүргізу тиімді болып отыр. Деструктивті діни ұйымдар  идеологияны тарату мақсатында танымал «ВКонтакте», «YouTube», «Facebook» және «Instagram» желілерін көп қолданады. Бүгінгі таңда радикалды діни топтардың түрлі айла әдістерді қолдану арқылы отандастарымызды өз қатарларына тарту фактілері аз емес. Әсіресе, жастарға ықпал ету мақсатында ғаламтор желілер арқылы экстремистік және террористік идеяларды насихаттайтын бейне роликтерді, әдебиеттерді тарату мен насихаттау орын алып отырғанын көріп отырмыз. Радикалды діни ағымдардың салдарынан азаматтардың мемлекетке деген әлеуметтік сенім деңгейі төмендеу, отансүйгіштік сезімі мен төзімділік принциптері құнсыздану, отбасына іріткі салыну, қоғамның жікке бөліну қаупі туындауда.

Радикалды экстремистік идеологиялардың ықпалындағы діни ағым өкілдері қоғам мен мемлекетке қарсы зорлық-зомбылық актілерін ұйымдастыру мен ұшқары әрекеттерді жүзеге асыруға дайын болатыны белгілі. Оған әлемнің әр жерінде орын алып отырған радикалды діни ағымдар өкілдерінің қылмыстық іске баруы және лаңкестік әрекеттері дәлел. Дін жолында адасқан адамды қайта тура жолға салу өте қиын.

Келешегі кемел, жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үішін, білімді, көкірегі ояу, бәсекелік қаблетті жаһандық нарықта бағасы бар, сапасы жағынан өзгелерден ұтымды дүние ұсына алатын біртұтас халық ретінде қалыптасуға ұмтылғанымыз абзал.Сондай-ақ, қазіргі таңда  елімізде  діни бағыттағы  ресми сайттар да бар. Олар — «e-islam.kz», «muftyat.kz», «azan.kz», «muslim.kz», «ummet.kz», «sunna.kz», «fatua.kz», «islam-atyrau.kz», «mazhab.kz», «islam.kz»  аталған ресми сайттардан туындаған діни мәселелерге қатысты сауалдар жолдау арқылы сұрақтарға жауаптар алуға мүмкіншілік бар. Электронды мүмкіндік – заманауи ақпарат берудің қайнар көзі. Солардың ішінде дұрыс таңдау жасай алу қауіпсіздігіміздің кепілі болмақ.

Сөзімізді түйіндей келе  діни тақырыптардағы ақпараттарды ғаламтор арқылы алуда дұрыс дерек көздерге жүгініп сақтық танытқан жөн.

 

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.