Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»БАҚ САЛАСЫНДАҒЫ «URKER-2022» ҰЛТТЫҚ БӘЙГЕСІНЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
    Қоғам

    БАҚ САЛАСЫНДАҒЫ «URKER-2022» ҰЛТТЫҚ БӘЙГЕСІНЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

    30.09.2022
    Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға бағытталған «URKER – 2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды.
    ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім еткендей, байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
    Өтінімдер 30 қыркүйек – 19 қазан күндері қабылданады.
    Конкурсқа жолданатын жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.
    Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.
    Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:
    1. Жылдың үздік сұхбаты
    2. Жылдың үздік репортажы
    3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
    4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі
    5. Жылдың үздік аналитикалық материалы
    6. Халықаралық тақырыптағы үздік материал
    7. Жылдың үздік жаңалықтар порталы
    8. Радиостанциядағы үздік жоба
    9. Жылдың үздік фотосуреті
    10. Үздік өңірлік БАҚ
    Арнайы премиялар:
    1. Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба)
    2. Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба)
    3. Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия (интернет БАҚ-тағы жоба)
    Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылар енген тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
    Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER — 2022» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.
    Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.