Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС ЖҮРІП ЖАТЫР

13.04.2023
Биыл Шымкент қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешімін табады. Ол үшін биыл қаладағы 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.
Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына арнап өткізілген баспасөз туры барысында Шымкент қаласы әкімдігі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіқалықов мәлімдеді.
Ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап берілде.
–Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биылғы жылға 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 155 шақырым құбыр тартылып үлгерген. Яғни, жұмыстың шамамен 47 пайызы орындалды деген сөз. Биылғы жылдың төртінші тоқсанына қарай жұмысты толық аяқтау жоспарланған, – деді Арман Әбдімүтәліұлы.
Мұнан кейін журналистер Қайнарбұлақтағы электр желілерінің құрылысымен де танысты.
–Электр қуаты бойынша Қайнарбұлақ тұрғын алабында құрылыс-монтаж жұмыстары 95 пайызға аяқталды. 2023 жылдың маусым айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «А.МЕРЕЙ И К» ЖШС-і осы уақытқа дейін ұзындығы 68,6 шақырымдық электр жүйелерін жүргізген. Жоспар бойынша 2023 жылы маусым айында 2 760 абонент электр қуатымен қамтылатын болады, –деді Арман Әбдіқалықов.
Мұнан кейін БАҚ өкілдері Нұртас шағын ауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысымен де танысты. 18 мыңға жуық халқы бар шағын ауданды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін жалпы ұзындығы 62,6 шақырым құбыр жүргізіп жатыр.
–Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 шағын ауданның 24-і немесе 713,5 мың адам кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Қалған 57 шағын аудан кәрізбен қамтылмаған. 2023 жылы 11 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының және 9 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл қамту көрсеткішін 60 пайыздан 75 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысының орынбасары.
«Шымкент келбеті»,
Фото: Серік ҚОСАЕВ
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.