Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: РАМАЗАН АЙЫНДА 562 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: РАМАЗАН АЙЫНДА 562 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

    20.04.2023
    Биыл 21 сәуірде үш күндік Ораза айт мерекесі басталады. Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, қайырымдылықтың мейрамы саналады. Сондай-ақ, 21 сәуір – Рамазаннан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні болып есептеледі.
    Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының бас имамы Мухамеджан Жумадуллаев мәлімдеді. Сондай-ақ бас имам Рамазан айындағы қайырымдылық іс-шаралары және Ораза айт намазының уақыты жайында баяндады.
    Спикердің сөзінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша мешіттерде оқылатын айт намазының кестесін жариялады. Биыл Түркістан облысы бойынша Ораза айтының намаз уақыты таңғы 07:30-ға белгіленген.
    «Барша мұсылман баласын ұлық мерекеміз – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Ораза айт – әлем мұсылмандарын бірлікке, жақсы істердің ұйытқысы болуға шақыратын мейрам. Қасиетті рамазан айында ұстаған 30 күн оразаларыңыз қабыл болсын. Түркістан қаласында Рамазан айында 562 отбасыға азық-түлік үлестіріліп, жағдайы төмен отбасыларға 6 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 27 мешітте күнделікті 100-150 адамға, бір айдың көлемінде орташа есеппен 4200 адамға жомарт жандардың демеушілігімен ауызашар берілді», — деді Түркістан қаласының бас имамы.
    Бұдан бөлек, күні кеше ғана облыс орталығында «Өткенге құрмет, тіріге міндет» деп аталатын шара аясында қаладағы барлық мазараттарға тазалау жұмыстары жүргізілді. «Бұл дегеніміз, дүниеден өткендерге көрсеткен құрметіміз болып саналады, бір жағынан Ораза айт намазынан кейін мазарларға құран бағыштауға келетін адамдар үшін таза тұру ниетінде атқарылды», деді шаһардың бас имамы.
    Сондай-ақ, брифинг барысында бас имам пітір садақаны айт күні таң атқан соң айт намазын оқымай тұрып беру керектігін айтты. Алайда, пітір садақаны Рамазан айы кіргеннен бастап, Ораза айт намазына дейін беруге болады.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.