Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «ИННОПРОМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУДА
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «ИННОПРОМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

    13.07.2023
    Іс-шара 10-13 шілде аралығында «Екатеринбург-Экспо» ғимаратында өтуде. Форум барысында көрмеге 50 елден 40 мыңға жуық бизнес өкілдері қатысып жатыр. «Иннопром» көрмесінде ұлттық экспозицияларын Армения, Беларусь (серіктес ел ретінде), Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ұсынады, ал, Бахрейн, Египет, Үндістан, Иран, БАӘ, Сербия, Түркия сияқты басқа да елдердің ресми және бизнес-делегациялары қатысушылар ретінде жария етілді.
    Көрменің негізгі бөлімдері: металл өңдеу, көлік машинасын жасау, энергетика, автоматтандыру және робототехника, цифрлық өндіріс және т. б. арналған.
    Қазақстандық павильонның жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрайды – мұнда өнеркәсіптің түрлі салаларындағы жетекші 250 отандық компания орналасқан.
    Көрменің экспозициясын аралап көрген Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкоға және Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге өнеркәсіп өнімдері мен тиісті технологиялардың соңғы үлгілері таныстырылды.
    Әлихан Смайылов негізгі стратегиялық сессияда сөйлеген сөзінде өңдеу өнеркәсібіндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының оң қарқынын атап өтті.
    Түркістан облысы делегациясын өңірдің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов басқарды. Сонымен қатар, оған басқарма орынбасары Қанат Шонбасов, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев, «Түркістан» АЭА» АҚ Басқарма төрағасы Берік Әшірбеков, «Turkistan Invest» ИТЭДАА» ЖШС бас менеджері Зарина Загидуллина кірді. Облыстың бизнес-делегациясын «KazPlast» ЖШС, «Kaz Kioti» ЖШС, «Бозарық-Абз» ЖШС, «Түлкібас жеміс жидектері» ӘКК сияқты компаниялар құрады.
    Облыстық делегация іскерлік бағдарламаның 1-ші күні «Ресей — Қазақстан өнеркәсіп кооперациясы» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты.
    2-ші күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Қарабаевтың қатысуымен ресейлік кәсіпорындармен B2G-келіссөздер өтті. Түркістан облысының делегациясы өңірдің мүмкіндіктерін таныстырып, жаңа инвестицияларды тарту үшін осы келіссөздерге қатысты.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.