Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»САРЫАҒАШ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАНДАР КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
    Жаңалықтар

    САРЫАҒАШ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАНДАР КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

    09.08.2023
    Сарыағаш ауданында мемлекеттік грант алып, мал шаруашылығымен айналысатындар қатары көбейіп келеді.
    Осыған орай, бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мемлекет тарапынан берілетін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы» аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алып, қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған азаматтардың кәсібімен танысты.
    Алдымен аудан басшысы аудандағы мемлекеттік грант алып қой шаруашылығын дамытып отырған Қызылжар ауылдық округінің тұрғыны Е.Бөртебаевтың жұмысымен танысты. Кәсіпкер қой шаруашылығын дамытуды мақсат тұтып, ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік грант алып, асыл тұқымды «қисары» қой тұқымын сатып алған. Бүгінде үй іргелік қорасында мал басын көбейтіп кәсібін дөңгелетуде. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта мал кәсібін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
    Содан соң, аудан басшысы аталған ауылдық округ тұрғыны Т.Секеровтың мемлекеттік грант алып бастаған кәсібімен танысты. Т.Секеров ағымдағы жылы мемлекеттен грант алып, екі бас құлынды бие сатып алған. Жылқы шаруашылығымен айналысып қымыз, саумал өнімдерімен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп келуде. Сонымен қатар, бүгінгі таңда бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
    Мемлекеттік грант алып кәсіп бастаған азаматтардың жұмысымен танысқан аудан әкімі мал шаруашылығының маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.