Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Спорт»«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНА» ҚАТЫСУШЫ ШАБАНДОЗДАР АСТАНАДАН ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
    Спорт

    «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНА» ҚАТЫСУШЫ ШАБАНДОЗДАР АСТАНАДАН ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

    06.09.2023
    Астанада «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі басталды. Екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа биыл 19 команда өте жақсы дайындалған. Төзімділік пен шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін сайыс Астана маңындағы Қаражар ауылынан басталды. Жарыс жолының қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады.
    Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің қашықтығы – 50 шақырым. Одан кейін 12 кезеңде 100 шақырымды шауып өтеді. Соңғы 14-кезеңде шабандоздар 50 шақырымды бағындырып, Түркістанда мәреге жетеді. Кеше аттар ветеринариялық тексеруден өтті. Шабандоздар да дайындалған. Әр команда сапында 5 шабандоз бен 10 тұлпар бар. Марафонның жалпы жүлде қоры 65 млн. теңгені құрайды. Жеңімпаз команда 30 млн. теңге алса, екінші орынға – 20 млн. теңге, ал қола жүлдегерлерге 15 млн. теңге табысталады.
    «Ұлы дала жорығы» жобасын республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, «Аманат» партиясының, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жобаның басты серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.
    Былтыр «Ұлы дала жорығы» байқауының финалдық кезеңінде тұлпарлар Түркістан облысының Созақ, Сауран аудандарын басып өтіп, Түркістан төрінде мәреге жеткен болатын. Бірінші орынды Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы еншілесе, екінші орынға Жетісу облысының «Жетісу» командасы ие болды. Ал үшінші орынды Түркістан облысының «Теріскей» командасы жеңіп алды. Дүбірлі дода биыл былтырғыдан да тартысты өтеді деген болжам бар.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    06.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.