Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ФОРУМ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ФОРУМ ӨТТІ

23.09.2023
Арыс қаласында белсенді жастардың басын қосқан «Жалынды жастар – Жарқын болашақ» тақырыбында жастар форумы өтті.
300-ден астам қала жастары жиналған форумға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қала прокуроры мен сот төрағасы және Арыс аудандық полиция басқарма басшысы мен жеке құрамы қатысты.
Еркін форматта өткен кездесу шымылдығын қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының «Қисық жол» қойылымы ашты. Ұйып отқан отбасыны нашақорлықтың кесірінен күйреуін суреттеген көрініс өте әсерлі болды.
Бұдан кейін, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова форум аясында алғы сөз сөйледі.
— Мен Арыс жастарының мемлекетіміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынымен, ерік-жігерімен, аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенемін, — деді қала әкімі.
Одан соң, қаламыздың дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген бір топ белсенді жастарды Алғыс хатпен марапаттады. Марапатталған жалынды жастар ішінде жас кәсіпкерлер мен спорт, медицина, ветеринария саласының жас мамандары бар.
Жиында қала прокуроры мен сот төрағасы жастар арасында және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу, адамның қадір-қасиетіне тиіспеу, мемлекеттік қолдаулар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып сапалы білім алу туралы айтып өтті.
Шара барысында Арыс қаласының полиция басқармасының бастығы, подполковник Бауыржан Қуатов қаладағы қоғамдық тәртіптің жай-күйі және полиция жұмысы туралы баяндама жасады.
Қаламыздың жалынды, елі үшін қызмет етуден тайынбайтын мәдениет, спорт, білім-ғылым, кәсіпкерлік салалары бойынша жетістіктері бар белсенді жастар қатысқан кеш қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.