Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Жастарды қайтсек имандылыққа тәрбиелейміз?
    Қоғам

    Жастарды қайтсек имандылыққа тәрбиелейміз?

    09.10.2023
    ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның, техниканың қарқынды дамыған кезеңі. Әйткенмен, мұның зиянды жағы да барын жасыруға болмайды. Мәселен, бүгінгі мектеп оқушысы ақпарат көзінің барлық түрін жетік біледі. Компьютер, ғаламтор, ұялы байланыс оқушының кітап оқуға деген құлшынысын төмендетіп отыр. Осындай келеңсіз мәселелерді шешу мақсатында саяси, әлеуметтік, экономикалық, білім беру және басқа да мемлекеттік реформалар жүзеге асырылуда. Сонымен бірге бүгінде  ұрпақтың шығармашылық белсенділігін, рухани қажеттілігін толтыру ісі  өзекті. Осы орайда  ұстаздар, ата-аналар, зиялы қауым, бүкіл қоғам – балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, дұрыс өткізуіне көмектесуіміз керек. Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру оңай мәселе емес. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру тәсілдерінің сан қилылығына байланысты.
    Бүгінде халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары көп насихатталмайды. Олардың орнына поп-музыкалық эстрадалық шоулар, қорқынышты және экшн-фильм сюжеттері беріледі. Бұлар жасөспірімдерді зорлық-зомбылыққа ғана тәрбиелейді. Балалардың әлі қалыптаспаған психикасы мұндайларды теріс қабылдайды. Түптеп келгенде, бұлардың барлығы ұлттық ұғымдарымызды халық жадынан өшіруге бағытталған. Сондықтан әрбір ата-ана ұрпағының тәрбиесіне мұқият қарағаны жөн.
    Балаларды жастайынан тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерінің бірі – шығармашылыққа баулу. Балаларды адамгершілікке, әдемілікке тәрбиелеуде көркем шығармалардың маңызы зор. Бүлдіршіннің ой-санасын дамытуға, мінез-құлықтарын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді.  Орта және жоғары сынып оқушыларын поэзияға, сиқырлы әлемге жетелеуіміз керек.
    Өскелең ұрпақты шетел мәдениетінің өрескел тұстарынан сақтау үшін көптеген мемлекеттік білім беру мекемелері, соның ішінде Білім министрлігі арнайы рухани-адамгершілік және патриоттық бағдарламалар әзірлеуде. Осыған орай біздің Түркістан облысында да балаларды жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін арнайы мектептер ашып жатыр. Бұларда  тоқу, би, хореография, бейнелеу өнері, көркем кесте, модельдеу, фоль-клор, авиация робототехника және кеме модельдеу, экологиялық, заманауи киімдерді модельдеу студиясы, әдеби клуб, журналистика үйірмесі, еріктілер қозғалысы, халық шығармашылығы мұражайы, компьютерлік технологиялар, әдеби қонақ бөлмесі, тағы басқалары қамтылған. Мұнда балалар өздерінің рухани және зияткерлік мүдделері мен қажеттіліктеріне сүйене отырып, шығармашылық, ғылыми ізденіспен айналыса алады.
    Өлең мен әңгіме жазуға бейім балалар әдебиет үйірмесіне, журналистер даярлайтын топқа қатысып, өздеріне ұнайтын істерімен айналысады.
    Бұл – шығармашылықпен айналысатын балалар үшін өте сәтті мүмкіндік. Олар қалалық, облыстық және республикалық әдеби байқауларға қатысып, түрлі марапаттарға ие болуда. Жақында біздің университетте М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты дәстүрлі  байқау өткізілді.
    Ақынның өлеңдерін оқуға келген үміткерлер жақсы өнер көрсетті. Тыңдаушылар әдемі дикцияны, актерлік келбетті, жағымды дауыстық тембрі бар оқушыларды көріп, сүйсінді. Ақынның әр өлеңін, әр шумағын ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай етіп оқи білді. Әр оқушының өлең оқудағы ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын тани алдық.
    Міне, осындай іс-шаралар жастарды тура жолға бастайды деп ойлаймыз. Алдағы уақыттарда студенттерді жаппай әдеби  кітап оқуға ынталандыру мақсатында тың жобалар жасап жатырмыз.
    Қ.СЕРІКБАЕВА,
    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
    университетінің аға оқытушысы.
    Г.ТАНАБАЕВА,
    «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының аға оқытушысы, доцент.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.