Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Спорт»БОКСТАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
    Спорт

    БОКСТАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

    23.11.2023
    Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылында орналасқан «ABK» бокс кешенінде бокстан 2006-2007, 2008-2009 және 2010-2011 жылы туғандар жас санаттары бойынша жастар, жасөспірімдер және кіші жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты мәресіне жетті. Ринг төріндегі бұрымдылар додасына облыстың 15 ауданынан 102 спортшы, үш жас ерекшелігі бойынша, жеңімпаздарды анықтады.
    Апта бойына өткен жарыста жұдырықты қыздар 21 салмақ дәрежесінде өзара күш сынасты. Бокстан қыздар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Серік Абдулланың айтуынша, бұл облыс чемпионатында негізгі құрама жасақталып, ел чемпионатына дайындалмақ. Бокстан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты Астана қаласында желтоқсанның 9-15 аралығында өтеді деп жоспарланған.
    Сарыағаш төрінде кіші жасөспірім қыздар арасындағы айқаста 33 келіде Ұлжалғас Төленбайдың бәсі жоғары болса, 35 келіде Әмина Қалыбай топ жарды. Ал 40 келіде Шұғыла Жарастың мерейі үстем болса, 43 келіде Жарқынай Нигматуллаға тең келер қарсылас болмады. Сондай-ақ 46 келіде Кәусар Смайл мықты деп танылды. 49 келіде Нұрсая Шалабай, 52 келіде Тоғжан Бөрібайқызы, 55 келіде Жанет Шаттықтар алтыннан алқа тағып, өз жас ерекшеліктері бойынша облыс чемпионы атанды. Сонымен қатар 44 келіде Үкілімай Мусалим, 46 келіде Мадина Жұмабекова, 50 келіде Әмина Көпбаева, 52 келіде Гаухар Тәшкенбай, 54 келіде Жадыра Қалтай, 60 келіде Нұрай Күнгебай, 66 келіде Айсұлу Мұхиттар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, жасөспірім қыздар арасында жеңімпаз атанды.
    2006-2007 жылы дүниеге келген қыздар арасындағы жекпе-жектер өте тартысқа толы болды. Бұл сында 48 келіде Асем Мұратова, 54 келіде Бағжан Отынбай, 57 келіде Мерей Тынысбек, 66 келіде Аружан Жанабаева чемпион болды. Сондай-ақ 70 келіде Әсел Жақып пен 75 келіде Мерей Серікқызы жеңіс тұғырының биігінен көрінді.
    Дүбірлі бокс додасын Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «ABK» бокс клубы жоғары дәрежеде өткізді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    06.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.