Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Спорт»ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Спорт

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

23.11.2023
Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округінде спорт және өнер кешені пайдалануға берілді. Бұл нысанды Керегетас елді мекенінің тумасы жеке кәсіпкер Талғат Сейтов өз қаражаты есебінен салып берді.
«Сейтұлы Үсен» деп аталған спорт кешенінің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров спортқа жанашырлық танытқан кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, ауыл жастарын дене шынықтыруға баулып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік туғызған азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен аудандық мәслихаттың Грамотасын табыс етіп, осы спорт кешенінде жатыққан өрендер арасынан чемпиондар шыға берсін деген тілектерін жеткізді. Сонымен қатар салтанатты шарада әлем чемпиондары Арман Оспанов пен Біржан Жақыпов та құттықтау сөз сөйледі.
Спорт кешенінде спорт залы, жабық футбол алаңы, киім ауыстыратын бөлмелер мен душ бөлмелері және үйірмелерге арнайы бөлмелер қарастырылған. Мұнда жылдың төрт мезгілінде де спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар.
Шарада ауыл халқы ел үшін еңбек еткен Талғат Сейтовке алғыстарын жеткізіп, иығына шапан жауып, ат мінгізді. Спорт және өнер ғимаратынан тоғызқұмалақ, шахмат, домбыра үйірмелері де іске қосылып, жастарды спортқа ғана емес, өнерге баулу жоспарлануда.
Айта кетсек, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру бағытында Төлеби ауданында көптеген игі істер атқарылуда. Бүгінде ауданда спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Осы мақсатта биыл 6 кіші футбол алаңшалары салынды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бірінші Мамыр елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ Көксәйек елді мекенінде заманауи спорт кешені салынуда. Жалпы аудан аумағында 400 спорттық нысандар жұмыс істейді. Оның ішінде, 68 спорт зал, 294 спорттық алаңдар, 1 стадион, 2 жүзу бассейні бар. 2023 жылдың 10 айында спортпен шұғылданушылар саны – 50950 адамға жетіп отыр. Яғни, жалпы халықтың 41,9 пайызын құрауда. Жалпы аудан бойынша балалар мен жасөспірімдерді 116 кәсіби жаттықтырушы-маман баптап жүр.
Төлеби ауданынан Түркістан облысының чемпионаттары және ашық біріншіліктерге қатысқан 266 жас жүлделі орыннан көрінсе, республикалық жарыстарда 132 азамат жүлдегер атанған. Халықаралық жарыстарда – 33, Азия біріншіліктері мен кубогі – 9, әлем біріншілігінде 1 спортшы чемпион атанған.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ФУТБОЛ ҚҰРАМАСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТТЕ ӨТКІЗІП ЖАТЫР

01.06.2026

НАЦИОНАЛЬНАЯ СБОРНАЯ КАЗАХСТАНА ПО ФУТБОЛУ ВПЕРВЫЕ ПРОВОДИТ УЧЕБНО-ТРЕНИРОВОЧНЫЕ СБОРЫ В ШЫМКЕНТЕ

01.06.2026

ЕСКІ ИҚАНДА ШАХМАТ ЖӘНЕ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

26.05.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.