Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Балалар құқығын қорғау – басты назарда
Қоғам

Балалар құқығын қорғау – басты назарда

03.01.2024
Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске облыс әкімі Дархан Сатыбалды төрағалық етіп, жұмысын жүргізіп отырды. Жиынға облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, басқарма басшылары, бала құқығын қорғау ұйымдарының жетекшілері және бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты. 
Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың профилактикасы, білім беру ұйымдарында профилактикалық түсіндіру шаралары туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау, қауіпсіздігін сақтау мәселесі өте өзекті. Полиция тарапынан түрлі іс-шаралар, рейдтер, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 2,2% (137-ден 134-ке) төмендеген. 134 қылмысты жасауға 127 жасөспірім қатысқан, оның 57-сі – мектеп оқушысы, 17-сі – колледж, 3-еуі – жоғары оқу орындарының студенттері. Ал, облыстық білім басқармасының басшысы Ғ.Жұмашевтің баяндауынша, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқарма тарапынан көптеген жұмыстар атқарылған. Оқушыларға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша барлық ауылдық округтерде, аудан, қала орталықтарында ата-аналармен кездесулер өткізілді.
Полициямен біріккен рейд барысында құқық бұзушылыққа бейім 552 кәмелетке толмаған жасөспірім және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 349 қолайсыз отбасы ішкі істер органдарының есебіне алынған. Облыстағы білім беру ұйымдарында 909 ата-аналар комитеті, 900 ардагерлер, 900 әкелер, 809 тәлімгерлер кеңесі жұмыс істейді.
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаржы бөлініп, мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамера орнатылып, олар полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Мемлекеттік 938 (оның ішінде: 909 мектеп; 25 колледж; 4 балалар ауылы мен жасөспірімдер үйі) білім беру мекемесі 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс бала саны 300-ден жоғары 573 білім беру ұйымы толық лицензияланған күзет қызметіне өткен.
Мәжілісте «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды заңнамалық тұрғыдан күшейту, сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмыстар туралы» облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева мен облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Н.Жұмашбековтің де есептері тыңдалды. Сондай-ақ, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары А.Жанәділов көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл амалдары мен құмар ойындарға қарсы күрес, оны болдырмау және алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Мәжілісті түйіндеген Дархан Сатыбалды бала қауіпсіздігіне жауапты барлық мекеме басшыларына жұмысты жүйелі әрі уақтылы атқаруды тапсырды. Бала қауіпсіздігін қорғау, олардың алаңсыз білім алуларына жағдай жасау, балаға жауапсыз қарайтын ата-аналармен жұмыс жүргізу және әлеуметтік желідегі зиянды материалдарды бұғаттау, қаржы пирамидаларына қарсы ақпараттық жұмысты күшейту керектігін айтты. Сонымен бірге жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, балаларды түрлі үйірмелермен қамту, мектеп психологтарының жұмысын жандандыру, біліктіліктерін көтеру жөнінде ұсыныстар беріліп, олар хаттамаға енгізілді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.