Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН: «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН: «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

    03.01.2024
    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаев мәлімдеді.
    -Бүгінде өңірде «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске қосылған. Жоба аясында 121 ерікті көмек көрсетуде. Еріктілердің көмегімен 66 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұл үш айдағы жұмыс нәтижесі. Жергілікті атқарушы органдар жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тым жоғары баға қойған. Сондай-ақ, департамент мамандарымен «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде арнайы мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған жоба аясында 1 291 кәсіпкерлік нысанының құқығы қорғалды. Талдау жұмыстары аясында 75 ауылшаруашылығы өндірушілерімен жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге жасалған қарыз шарттарының кредиттік сыйақы мөлшері 16-24% аралығында белгіленгені анықталған. Енгізілген ұсынымдар аясында, қаржы ұйымдары сыйақы мөлшерін 6%-ға төмендетті. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге 100 млн теңгеден астам субсидиялар берілді, -деді департамент басшысы Мұрат Ахтанұлы.
    Айта кетсек, жемқорлықпен күрескісі келетін азаматтар «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатыса алады. Ол үшін Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы №100 мекен-жайына немесе +7 (725 33) 2 69 32, +7 701 787 75 85 нөмірлеріне хабарласуға болады. Сонымен қатар, жемқорлық көріністеріне тап болған кез-келген азамат Департаментке немесе Агенттіктің 1424 CaII-орталығына жүгіне алады.
    Aisnews.kz
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.