Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Экстремизм мен терроризмге ұлт руханияты ғана қарсы тұра алады
Қоғам

Экстремизм мен терроризмге ұлт руханияты ғана қарсы тұра алады

04.01.2024
Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда бүкіл әлем үшін ең өзекті проблема болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.
Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталатын және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал. Әлемде болып жатқан жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе діни экстремизм өте үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрлерінен айырмашылығы, мемлекеттік құрылымдарды күшпен өзгертуге және билікті жаулап алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға қарсы адамдардың діни ілімдері мен символдарын маңызды фактор ретінде пайдалана отырып, сенім мен діни наным үшін аяусыз күресуге бағытталады.
Қазіргі таңда, «терроризм» мәнінің әмбебап анықтамасы жоқ. Барлығына мәлім, терроризм экстремизммен тығыз байланысты, яғни, экстремизм терроризмнің бір бөлігі болып табылады. Демек, «экстремизм» тұжырымдамасын алдын-ала қарастырмай, «терроризм» ұғымының мәнін ашу мүмкін емес.
Жалпы термин ретінде «экстремизм» қазіргі заманғы саясаттың белсенді айналымына жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана енген. 2003 жылы ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) анықтағандай, «экстремизм» – бұл парламенттік демократия принциптерін тікелей немесе жанама түрде қабылдамайтын саяси қызметтің нысаны.
Экстремизм мен терроризм адам өміріндегі рухани, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеледі. Бұл жағдайда көбінесе жазықсыз, кездейсоқ адамдар құрбан болады. Террорлық актілер адамдардың психикасына зардабын тигізеді, үрейлендіреді. Сонымен қатар, терроризм экономикаға, өнеркәсіптік-сауда байланыстарына зиян келтіреді, елдегі жағдайды тұрақсыздандырады.
Адамдар бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүргісі келеді. Мемлекеттің дамуы үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік қажет. Сондықтан да әлемдік қауымдастық терроризм мен экстремизмге қарсы тұр.
1999 жылдың шілдесінде «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. 2005 жылғы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 және 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалар бекітілді. Биылғы 23 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Е.Сағымбаевтың басшылығымен ҚР Терроризмге қарсы орталығының кезекті мәжілісі өтті. Онда 2023-2025 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспары талқыланды. Бұл құжат мемлекеттік бағдарламаның логикалық жалғасы болып табылады және еліміздің тұрақтылығына төнген жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы тұруға бағытталған.
Экстремизм мен терроризммен күрес күн тәртібіндегі ең өзекті проблемалардың бірі. Бұл бір ғана адам немесе жекелеген топтар айналысатын дүние емес, бүкіл қоғам болып айналысатын күрделі мәселе. Экстремизмге қарсы тұратын бірден-бір күш – руханият саласы. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіргенде ғана діни экстремизмнің де, терроризмнің де тамырына түбегейлі балта шаба аламыз.
Терроризм проблемасын шешудің күш қолдану әдістері террорлық актіні жасаудың нақты қаупін тек уақытша жоя алады. Қабылданатын мұндай шаралар әрқашан тиімді бола бермейді. Негізгі күшті терроризмнің алғышарттарын бейтараптандыруға жұмсау қажет. Экстремизм қауіптерін ескерту және алдын алу бойынша жұмыс  адамдардың әртүрлі діни сенімдерге төзімділігі және бейбіт өмір сүру идеясын белсенді насихаттауға арналады.  Осылайша, ұлттық қауіпсіздік органдарына осы құқықты беру экстремистік және террористік құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге бағытталған болжамдалған нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізеді.
 
Б.АБДРАХМАН,
облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін
зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.