Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Жаңабазарлықтар жемқорлыққа қарсы
Қоғам

Жаңабазарлықтар жемқорлыққа қарсы

04.01.2024
Жаңабазар ауылдық округіндегі «Жаңабазар ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Шанақ ауылдық округінің  тұрғындарымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы мәселелер талқыланды.
Жиында «Жаңабазар ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Балтабай Жүнісов баяндама жасады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда қызмет бабын теріс пайдалану, мемлекет мүлкіне қол сұғу, сыбайлас жемқорлыққа бой алдыру секілді қоғамның қалыпты дамуына кері әсер ететін, ел қауіпсіздігіне  қауіп төндіретін жағдайларға басты назар аударылған.
Жемқорлықты түп-тамырымен қалай жоямыз? Қызметтік міндеттерін адал атқарған адам жемқорлыққа бармайды. Мұндай жандар адал іс-әрекетімен өзгелерге оң ықпал етеді. Әр азамат осылайша адал еңбек етсе, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыратынымыз анық. Кейбір адамдар пара беруді мәселе шешудің оңай жолы деп біледі. Бұл дұрыс емес. Бүгінде пара алған да, пара берген де жазаланады. Сондықтан жемқорлықтан бойымызды аулақ салайық» деді баяндамашы.
Мұнан соң бірлестік мүшесі Әбдірақым Мәтәлиев, Шанақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерген Жорабаев, ауыл әкімі Серіғали Тілегенов, ауыл тұрғыны Ұлықбек Қанатбаев сөз алып, өзекті мәселелерге үн қосты. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жаңабазарлықтар жемқорлыққа жол бермейміз деп тарқасты.
Ажар БЕРМҰХАНОВА, Қазығұрт ауданы.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.