Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Жасөспірімдер неге қатыгез болып өсуі неде?
Қоғам

Жасөспірімдер неге қатыгез болып өсуі неде?

ais_mediaBy ais_media06.01.2024Updated:20.01.2024Комментариев нет3 Mins Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Соңғы кездері оқыс оқиғалар көбейіп барады. Әсіресе жасөспірімдердің арасындағы қатыгездік еріксіз ойландырады. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінде мәлімдеді.
– Кейінгі кезде жеткіншектердің топ-топ болып төбелесу фактілері жиілеп кетті. Өткен айда Ақтау қаласында оқушысы бар, студенті бар 19 жасөспірім төбелесті. Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы 15 оқушының төбелесі екі адамның өлімімен аяқталды. Жасөспірімдер қылмысының өршіп кету себебі – бірінші кезекте ата-ана тарапынан қажетті бақылаудың болмауы. Биыл түнгі уақытта көшеде жүргені үшін кәмелетке толмаған 86 мың жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді бас прокурор.
Бас прокурордың дабыл қағатынындай-ақ бар. Соңғы кездері жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік оқиғалары әлеуметтік желілер арқылы жиі тарала бастады. Мәселен, Келес ауданында мектеп оқушылары төбелесіп, миы шайқалған бір бала жедел ауруханаға жеткізілді. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданында оқушылар футбол ойнап болған соң жаппай төбелес ұйымдастырған. Айта берсе, мұндай оқиғалар жетіп артылады. Кішкентайынан бірге өскен сыныптастардың бойын билеген бір-біріне деген өшпенділік қайдан пайда болды?
Психолог мамандардың айтуынша, қылмыс қашан да адамның қолымен, ойымен жасалады. Қоғам қылмысқа бой алдырып кетпеу үшін тәртіпсіздікке бейім балаларды дер кезінде анықтап, оларды тура жолға бағыттап отыру керек. Негізінде, кәмелет жасына толмаған балалардың құқық бұзуына олардың тез сенгіштігі, кез келген нәрсеге еліктейтіндері, ермеліктері себеп болады. Түптеп келгенде, бәрі де тәрбиеге байланысты. Әрине, «қиын балалармен» жұмыс істеу оңай емес. Олармен жұмыс істегенде, тек жаман жақтарын сараламай, жақсы жақтарын да көре біліп, жақсы сөзбен тәрбиелеудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда ата-ананың да балаға берер тәрбиесі терең болу керек. «Өскен соң түзеледі» деп қоя салмай, баламен сөйлесе білу керек. Егер де ата-ана мектеппен тығыз байланыста болса, баланың тәрбиесі де жақсы болады. Кез келген ата-ана перзентінің материалдық жағдайын жасаушы ғана емес, ұрпағының болашағына да жауапты адам.
Екі ата-ананың бірі бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігін жете сезінеді десек, қателесеміз. Шыны керек, ата-аналар арасында балаларының күнделікті сабаққа барып-бармай жүргенінен де хабарсыз отыратындар аз емес. Кейде ұстаздары мен мектеп инспекторлары баласының тәртібіне байланысты ата-анасын мектепке шақырып келтіре алмайды. Міне, осындай келеңсіздіктердің салдарынан бұғанасы бекімеген балаларымыз қалталарына қару салып, көшеде өздерін «герой» сезініп жүреді. Ақырында қылмысқа ұрынып, тағдырларына өз қолдарымен балта шауып жатады. Мысалы, суық қару қолданып, қылмысқа барған бала көбіне өзінің іс-әрекетіне саналы түрде жауап бере алмайды. Жалпы, статистикаға сүйенсек, кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыстардың
70 пайызы тонау, қарақшылық секілді қылмыстар. Әрине, олардың арасында тапанша болмаса да, пышақ қолданғандары жиі кездеседі. Пышақ та суық қару, бүгін пышақпен қорқытып адам тонаған бала, ертең қару асынып жүрмесіне кім кепіл?! Сондықтан, ең алдымен алдын алу шараларын күшейткен абзал. Сосын бізде қылмыстық әрекетке барған балаларды жөнге салып, қоғамға қайта бейімдейтін орталықтар жоқтың қасы.
– Бала тәрбиесіне ең бірінші ата-ана жауапты. Олардың қайда жүргенін, немен айналысатынын күнделікті қадағалап, бақылап отырудың маңызы зор. Содан соң, баланың кімдермен араласатынын, олардың мектепте қандай әңгімелер айтып, нендей мәселеге ден қоятынын біліп отырған ата-ана біраз проблемадан құтылады. Өкінішке қарай, көп ата-ана мұны істемейді. Оларға баласының қарны тоқ болып, мектебіне барып жүрсе, соның өзі – медеу. Ал, баланың ішкі дүниесіне үңілуге уақыттары жоқ. Бұл жерде біз барлық ата-ана осындай дегелі отырған жоқпыз. Ата-ана баланың материалдық жағдайын жасап, қамтамасыз етумен ғана шектелмей, олардың ішкі әлеміне де тереңірек үңілгендері абзал. Тағы бір өкініштісі, мектеп оқушылары арасында көшбасшылыққа ұмтылу деген нәрсе бар. Баланы бұзатын, ортаны ойрандайтын бір жаман әдет осы. Көшбасшылыққа біліммен, өнермен,
өнегелі тәртіппен ұмтылу керек. Тәртіпсіздікке, әдепсіздікке, ортасын сыйламаушылыққа немқұрайды қарамауымыз керек, – дейді қарапайым ата-аналардың бірі Эльмира Жарылқасынқызы.
Біреуге бармақ тістетіп, енді біреуді өкініштен у іштіріп жүрген мұндай қасіреттердің негізгі себебі балаларды қадағалаудың жоқтығынан болып отыр. Әр ата-ана тарапынан мейірімге толы жанашырлық болса, ұрпағы соңы қылмысқа ұласар құқық бұзушылықтарға ұрынбас еді…
Т.СЕЙІТХАНҚЫЗЫ.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
ais_media

Related Posts

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ БАР МАМАН БАСШЫ БОЛЫП КЕЛДІ

17.08.2026

М.ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫНА «ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР» ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

15.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ БАР МАМАН БАСШЫ БОЛЫП КЕЛДІ

17.08.2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

17.08.2026

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАЛАРДАН АУЫЛДАҒЫ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНА ДЕЙІН: САЙЛАУАЛДЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

17.08.2026

В ГОРОДСКОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЕ С ОНКОЛОГИЧЕСКИМ ЦЕНТРОМ ПРИМЕНЯЮТСЯ СОВРЕМЕННЫЕ МЕТОДЫ ДИАГНОСТИКИ И ЛЕЧЕНИЯ ОНКОЛОГИЧЕСКИХ ЗАБОЛЕВАНИЙ

17.08.2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАМАНАУИ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

17.08.2026

«Закон и порядок»: определены приоритетные направления деятельности полиции Алматы

17.08.2026

«Заң мен тәртіп»: Алматы полициясының қызметіндегі басым бағыттар айқындалды

17.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

16.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

16.08.2026

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.