Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік
    Қоғам

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік

    09.01.2024

    Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуінежәне орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауір төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбі азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге  келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

    Түркістан қалалық СЭББ бөлім басшысы А. Қудабаева.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

    20.11.2026

    Студенттер пікірсайыста бақ сынады

    29.10.2026

    Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

    29.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

    21.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙЫП, 7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН БІРГЕ ҚАЛАЙТЫН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБА

    20.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ, АЛ ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

    20.11.2026

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚУАТЫН АРТТЫРУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ

    20.11.2026

    Шымкентте «Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды

    20.11.2026

    Шымкент оқушылары MacBook ұтып ала алады: BilimClass оқушыларға қандай мүмкіндіктер ұсынады?

    20.11.2026

    Мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін пайдаланғысы келетін кәсіпкерлер үшін ақпараттың анықтығы мен қаржылық қауіпсіздік мәселесі айрықша маңызға ие. Осыған байланысты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ азаматтар мен кәсіпкерлерді Қордың атын жамылып, қаржылық қолдау алуға көмектесуді сылтау ететін алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.

    19.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.