Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Азаптауға көмектескендер де жазаланады
    Қоғам

    Азаптауға көмектескендер де жазаланады

    12.01.2024
    Елімізде азаптау сынды адам құқығын өрескел бұзатын оқиғалар  көбіне тергеу ісіндегі заңсыз әрекеттер мен басшылар тарапынан жүргізілетін ведомстволық бақылаудың әлсіздігінен туындап жатады. Өкінішке қарай, мұны түп-тамырымен жою әзірге мүмкін болмай тұр. Десек те, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында айтылған азаптау қылмыстарына қарсы облыстық прокуратура тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.
    Көзіқарақты оқырманға мәлім, Қазақстан былтыр адам құқықтарын сақтауға қатысты бірқатар халықаралық конвенцияларға қосылды, оның ішінде БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына қатысты факультативтік хаттаманы және Стамбул хаттамасын ратификациялады. Бұл маңызды қадам біздегі адам құқығын қорғауды көздейтін құқықтық құжаттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіруге жол ашады. Сонымен қатар, елімізде адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына негізделген азаптауға қарсы әрекеттердің алдын алу механизмі құрылды. Қазақстан үшін бұл адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған маңызды қадамдардың біріне айналды. Жаңа қоғамдық институт елдегі заңдылықты нығайтудың пәрменді құралы болатынына сеніміміз мол.
    Бүгінде әлеуметтік желілерге және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан азаптау деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізу құзыреті прокуратура органдарына берілген. Бұл құзырет Қылмыстық-процестік кодекспен және Бас прокурордың нұсқаулықтарымен бекітілді. Осыған орай облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қадағалаушы прокурорлармен бірлесіп, қылмыстық істерді тіркеу мен тергеу әрекеттерін заңнама талаптарына сай жүргізуді қатаң бақылауға алды. Қазіргі таңда азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық оқиғаларды мұқият зерттеу, іс материалдарын тереңірек зерделеу және басшылық тарапынан ведомстволық бақылау жұмыстары күшейтілді. Облыстық прокуратура бұл ретте құқық қорғау органдарына қылмыстық процеске қатысушылардан жауап алу кезінде ҚПК-нің 209-бабының талаптарын сақтауды және оның бұзылуына жол бермеуді, сондай-ақ, жауап алынған адамға қатысты азаптау әрекеттерін қолданғанын немесе қолданбағанын мұқият зерттеуді тапсырды. Бұдан бөлек, азаптау оқиғаларының алдын алу, орын алған фактілерді дер кезінде тексеруді ұйымдастыру мақсатында қылмыстық қудалау және қылмыстық атқару органдарының қалалық департаменттерінің құрылымдық және аудандық басқармалар ғимараттарына 1498 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бүгінде азаптауға жол берген құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен бөлек оларға көмек көрсеткен азаматтар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олардың бұл әрекетіне Қылмыстық кодекстің 146-бабында жаза қарастырылған және бұл бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Тіпті, азаптау қылмысын жасағандардың жәбірленушімен татуласуына да тосқауыл қойылған.
     Бүгінгі таңда облыстық прокуратураға қарасты аудандық, қалалық прокуратура қызметкерлері азаптау туралы арыздарды тіркеу, қарау және процестік шешім қабылдау кезінде заңдылықтарға жол бермеу үшін күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Бұған арнайы жауапты қызметкер бекітілген. Құқық қорғау органдарының ғимараттарында кезекші прокурорлар жұмыс істейді. Олардың міндеті – азаптауға қатысты кез келген әрекеттің алдын алу. Одан бөлек, жеткізілген тұлғаларды электрондық тіркеу, қылмыстық істерді электронды нысанда тергеу жүйесі енгізілді. Мұндай жаңғырту процестері әлі де жалғасады.
    Қорыта айтқанда, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, оның ішінде, адамның ар-намысын таптайтын әрекеттерге жол бермеу – облыстық прокуратураның ұдайы назарында. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта ширай түседі. Осы ретте азаптау оқиғасына ұшыраған жағдайда кез келген адам прокуратура органдарына шағым түсіруге және 8-701-629-73-67 ұялы телефонына  хабарласуға болатынын көпшіліктің есіне салғымыз келеді.
    Е.БАЙЫМБЕТОВ,
    облыс прокурорының көмекшісі.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    09.10.2026

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.