Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Жемқорлық ел дамуын тежейді
Қоғам

Жемқорлық ел дамуын тежейді

23.01.2024
Мемлекет басшысы қоғамның жегіқұрты – жемқорлық мәселесін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында бұл проблемаға айрықша мән беріп, оған қарсы күрестің жалғаса түсетінін атап өтті. Мұның алдын алудың бірден-бір жолы ретінде цифрлық технологияны кеңінен қолдану қажеттілігін алға тартты. 
Иә, расында қазір әлемнің кез келген елінің даму бағдарына көз салсаңыз, жаппай цифрландыру үрдісіне бет бұрғанын аңғаруға болады. Сондықтан жаңа жүйені жатсынбай қабылдау сыбайластықтың алдын алу, оны түбегейлі жоюға бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр. Бұл ретте мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қызметтің барынша ашық әрі сапалы болғаны жөн. Түркістан қаласы әкімдігі бірінші кезекте тұрғындармен тікелей қарым-қатынас орнатуды жүйеге келтіріп, олардың қажеттіліктерін дер кезінде орындауға баса мән беруде. Айталық, жыл басындағы есеп беру кезінде тұрғындар тарапынан біраз мәселе көтерілген болатын. Сараптап көргенімізде, қалада атқарылған жұмыстармен қатар қордаланған проблемалардың да бар екендігіне көз жеткіздік. Әрине, олардың түйінін тарқату бір күннің еншісіндегі жұмыс емес. Дегенмен, жиында көтерілген мәселелердің бірқатары бүгінде орындалу үстінде екенін айта кеткен жөн. Қалған мәселелер жыл аяғына дейін шешімін табады деген үмітіміз бар. Осылайша, бірінші кезекте халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, соған сай атқарылатын жұмыстарды бірлесе шешпекпіз.
Сөз басында айтқандай, осындай игілікті істің ілгерілеуіне ең басты кедергі – сыбайластық. Осыған орай қала әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылған болатын. Құрамы бекітіліп, алда атқарылар жұмыстардың жоспары түзілді. Бүгінде жоспардағы 8 мәселенің 4-еуіне қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, комиссияның 4 сәуір күнгі өткен мәжілісінде қаладағы құрылыс нысандарына мемлекеттік сатып алуды өткізу барысы туралы және Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттардың мақсатқа сай пайдалануы туралы мәселелер қаралды. Комиссия отырысында түзілген хаттамалық тапсырмалар тиісті мекемелерге жолданып, олардың орындалуы назарға алынды.
Ал, маусым айының 17-сі күн өткен комиссия мәжілісінде жастар саясаты мәселелерін басқару жастар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы және мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы мәселелер қаралды. Комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырма тиісті мекемелерге жолданып, жұмыстар атқарылуда.
Бұдан өзге, қала әкімдігінің басшылық құрамы мен оған қарасты мекемелердегі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы» атты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты кездесу өткізілді. Маңызды іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ө.Балажанов, Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты Ақтөре Талғатұлы қатысып, бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты насихат жұмыстары қала тұрғындары арасында тұрақты жүргізіліп келеді. Бекітілген кестеге сәйкес, жыл басынан бері 50 мекеме мен білім беру ұйымдарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оған жалпы саны 1000-ға жуық адам қамтылды. Қала көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде газет беттерінде – 17, телеарналар  және әлеуметтік желілерде жалпы саны 12 материал жарық көрді. Қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде құжаттарын зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін айта кеткен жөн.
Түркістан қаласының алдағы жылдарға арналған даму бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы мен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын іске асыруға бағытталған. Қаланың даму көкжиегін айқындайтын кез келген құжат қатерлі дерттің алдын алу мен оған қарсы күрес шараларын арттыруды көздейді. Сондықтан қала жұртшылығымен бірлесе отырып көлеңкелі экономикаға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын алу біздің ең басты міндетіміз болып қала бермек.
Н. ТҰРАШБЕКОВ, Түркістан қаласының әкімі.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ШЫМКЕНТЕ БОЛЕЕ 24,5 ТЫСЯЧИ ЧЕЛОВЕК ОХВАЧЕНЫ МЕРАМИ СОДЕЙСТВИЯ ЗАНЯТОСТИ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ШЫМКЕНТЕ БОЛЕЕ 24,5 ТЫСЯЧИ ЧЕЛОВЕК ОХВАЧЕНЫ МЕРАМИ СОДЕЙСТВИЯ ЗАНЯТОСТИ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТУДЕНТАМ РАССКАЗАЛИ, КАК ЗАЩИТИТЬСЯ ОТ ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИКОВ

09.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДИЛИ МОЛОДЫХ ВОЕННОСЛУЖАЩИХ НА СРОЧНУЮ СЛУЖБУ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС САРБАЗДАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

09.09.2026

ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 91 СТУДЕНТІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

09.09.2026

Ориентиры развития страны: высоко оценен сборник избранных размышлений Президента

08.09.2026

​Ел дамуының бағдары: Президенттің таңдаулы сөздерінің жинағы жоғары бағаланды

08.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.