Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Кітаптан ғаламтор озды ма?
Қоғам

Кітаптан ғаламтор озды ма?

30.01.2024

Қазіргі заманға ғаламтордың әлеуеті асып тұр. Себебі ғаламтор пайда болғалы кітап оқитындардың қарасы азайған секілді. Алайда ғаламтор бұрыннан сусындап келген кітаптың орнын баса алады ма?!

Әрине, әрбір өткен заманды, әрбір кезеңді жырлап келе жатқан кітап еш уақытта құндылығын жоймақ емес. Себебі кітап – алдыңғы шептің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы, көңілге түрлі ой түйгізетін, рухани жағынан есейтетін жан азығы. Осы уақытқа дейін білімнің бәрі кітапта ғана болып келді. Әйтсе де, атам қазақтың «уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегені рас. Бүгінгі күні кешегі бабалары­мыздың шамның жарығымен кітап оқу ескі заманы артта қалып, жаңа техноло­гиялардың саны артып, ғылым да күннен-күнге даму үстінде. Соның бір парасы «әлемді торлаған ғаламтор». Болашағы зор ғаламтордың пайда болғанынан бері, халық кітап оқудан қалды деуге болады. Өйткені бұрындары әрқайсысы жеке-жеке ұсынылатын аудио, бейне жазбалар, суреттер, әндер, оқулықтар, әдебиеттерді қазір бір ғана ғаламтордан-ақ пайдалана аласың. Қаншама қажеттіліктің бір жерде шоғырлануы халық үшін тиімді, әрине. Ендеше, ғаламтордың да пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Сол арқылы біз басқа елдермен де байланысқа шығамыз, көптеген деректерге қанығамыз және ға­лам­тор еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірін­де орын алып жатқан оқиғаларды, жаңа­лық­тарды тез жеткізуші. Ғаламторда том-том кітаптардың ықшамдалған нұс­қасын оқуға мүмкіндік бар. Әрине, онысы уақыт үнемділігі үшін жақсы. Дегенмен монитор алдында көсіліп отыра берсек, бас ауырып, көру қабілет те нашарлайтыны анық.

Кітап адамның сырласы, мұңдасы болып қалған. Өйткені кітаптан адам жанына нәр, жүрегіне шер алады, сол кітаптан жұбаныш табады. Бетін ашып қалса, көңілі елжірейтін, жүрегі тебі­ре­неді. Сондағы өлең шумақтары, шы­ғар­малар жүрегіне дәрі болады. Кітап біз үшін әрі білім, әрі ғылым, әрі өнер, әрі мә­дениет, әрі әдебиет. Кітап солардың бұлағы деуге болады. Өйткені ол қашанда қасы­мыздан табылып, қойны-қонышы­мызда жүреді, бізді ілгері сүйрейді. Ал интернет жағына келетін болсақ, ол да заман қажеттілігі, өте керек нәрсе. Ғаламтор тілін тапқандарға ол үлкен кө­мек­ші. Іздегеніңді қиналмай табасың. Ин­тернет­тің ғаламаты шапшаңдығында, тездігінде, кез келген жерден, кез келген мағлұматқа оңай қол жеткізесің. Бірақ заман жаңар­ғанымен, сол интернет бәрінің қолына түсе бермейді. Мысалы, ауылдық жерлерде интернет түгілі, интернеттің қарасын көрмегендер де бар. Сондықтан интернет әлі бәріне бірдей жете қойған дүние емес.

Дәрігерлердің айтуынша, жүйкеге де әсер етеді. Сол се­бепті, ол кітап сияқты рухани досыңа ай­на­ла қойған жоқ. Бірақ кітапты жақсы көргенімізбен, оның күні өтіп бара жатыр. Келешек көп нәрсені жұтып қойып жатыр ғой, солай кітаптың да жоғалып кетіп, келешекте интернеттің ғана қалуы да ғажап емес. Ал кітаптың жоғалуы адамның көңілін, рухани байлығын жұтатады деп ойлаймын. Кітап оқып отырғанда адам сондағы кейіпкермен ара­ласып, өзінің ойымен, шарықтау сезімімен танысып, табысып отырады. Адамның қиялы шарықтайды, фантазиясы кеңейеді. Ал ғаламтор ондай мүмкіншілікке жетеле­месі анық. Адамның ойын тежеп тастайды. Көзбен көру қабілеті ғана қалыптасып, ойлау қабілеті шегеріліп қала бермек. Қазір кітап көп шыға бермейді, көп болса прозалардың өзі мың-екі мың дана ғана шығады. Ал ол халықтың бәріне жетпейді. Қазіргі кезде технология заманы болған соң, интернет порталдарын көбейтіп жатыр ғой, сондықтан кітап оқу азая бе­реді де, интернет қарыштай бермек.

Жалпы, адамға екеуі де қажет, тек орын­ды қолдана білу керек. Бірақ таңер­теңнен кешке дейін виртуалды қарым-қатынасқа түсіп, ғаламторға байланып, соған тәуелді болатындар бар. Бұл – әри­не, дұрыс емес. Ғаламторды орынды қол­дан­саң зиянды емес, қайта пайдалы. Өйткені одан қажет оқулығыңның бар­лығын табу­ға мүмкіндік бар, ал кітапханада олай емес. Айталық, кітапханада каталогқа жүгінеміз, сонан соң тапсырыс береміз, соны­мен қатар 5 кітаптан артық тапсырыс қабылданбайды, ал ғаламтордан керегіңді жылдам табасың. Негізі кітап пен ғаламтор кереғар емес, қайта бірін-бірі толықтыру­шы.

Кітап оқу қалай ыңғайлы болса, қазір сол компьютердің кітап сияқты «ноутбук», «нетбук» сынды ыңғайлы түрлері де бар. Демек, компьютерді де солай өзіңе ыңғайлы қалыпта отырып, не жатып қа­рауға болады. Мысалы, менің өзім жасым біршамаға келсе де қазір кітап­ханаға бару­ды қойдым, іздеген кітабымды ғалам­тордан алып-ақ оқи беремін. Өйткені маған сол тиімдірек. Ал қызықты жерлерін принтер арқылы өзіме шығарып аламын. Психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, тәулік бойы бас алмай үңіліп отырмасаң, ғаламтордың еш зияндылығы жоқ.

 

Ә.Болат

Түркістан облысының дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

Мақтаарал ауданындағы дінтанушы маманы     

 

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.