Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»«Шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі»
    Қоғам

    «Шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі»

    02.02.2024
    Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің жамағатымен «Шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі», — тақырыбында кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев қатысты.
    Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Қазіргі жастардың шетелде білім алып, болашағына сеніммен қарап, отанына керекті маман боламын деген ұмтылыстары құптарлық іс. Өкінішке орай, Таяу Шығыс елдерінде соңғы жылдардағы әртүрлі діни ағымдардың белсенділігінің артуы мен дінаралық қақтығыстардың белең алуы, террористік ұйымдардың ашық әрекет етуі себебінен қоғамдық — саяси және діни ахуал күрделеніп кетті. Қазіргі уақытта қазақстандық жастардың белгілі бір бөлігінің арасында діни білім алу үшін шетелдік теологиялық рухани оқу орындарына түсу қажет деген пікір бар. Алайда, олардың көбі шетелде теологиялық білім алудың үлкен қаупі бар екенін ескере бермейді. Бұған қоса, қазіргі күнде әртүрлі жалған және деструктивті ағымдардың қызметі ашық жүргізіліп, олар басқа елден білім алу мақсатымен келген шетел азаматтары арқылы өз қатарын толықтыруды көздейді. Қазіргі таңда діни білім алуды армандаған жастарға оны отандық діни оқу орындарында алғаны маңызды. Студенттер сапалы діни білім алуда Қазақстанның да мүмкіндігі жоғары екенін білуі керек. Бүгінгі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты жоғары білім беретін Нұр — Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және арнаулы орта білім беретін 9 медресе — колледж жұмыс істейді деп сөзін қорытындылады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.