Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Квазимемлекеттік секторға ұсынылатын сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтерге қатысты
Жаңалықтар

Квазимемлекеттік секторға ұсынылатын сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтерге қатысты

07.02.2024
Қолданыстағы еңбек заңнамасы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған тұлғаларға қатысты белгілі бір шектеулерді көздейді.
Яғни, бұл сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейтінін білдіреді.
Конституциялық Соттың 2023 жылғы 31 тамыздағы Нормативтік қаулысымен Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы төмендегідей түсіндірмеде Конституцияға сәйкес деп танылды:
— «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен құқықтық өзара байланысты болу үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамның квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына шектеу көрсетілген ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға үміткер адамдарға қатысты қолданылады.
Егер бұрын квазимемлекеттік субъектілерге жұмысқа орналасудағы шектеу сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға қатысты барлық лауазымдарға қолданылған болса, қазір бұл мәліметтер басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға үміткер адамдарға ғана қатысты талап етіледі.
Аталған санатқа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес көрсетілген ұйымдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды тұрақты, уақытша не арнаулы өкiлеттiк бойынша орындайтын адамдар жатады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде ұсынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қабылдануы және ұсынылуы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Қызметтің орындалу мерзімі 10 минут, қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күнді құрайды.
Сондай-ақ аталаған қызмет «электрондық үкімет» порталындағы «үшінші тұлғаларға анықтамалар беру» сервисі арқылы жұмысқа орналасатын кандидаттарға қатысты мәліметтер, олар «жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы келіскен жағдайда жұмыс берушілерге де қолжетімді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.