Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН БИЫЛ 4500 ЖАС ӘСКЕРГЕ БАРАДЫ
    Қоғам

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН БИЫЛ 4500 ЖАС ӘСКЕРГЕ БАРАДЫ

    16.02.2024
    Түркістан облысы әкімдігінде 2024 жылғы әскерге шақыру науқанына дайындық мәселелері бойынша жиын өтті. Облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен өткен басқосуға Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы, Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің орынбасарлары мен ТЖД, Ұлттық ұлан, Шекара қызметінің өкілдері және бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
    Күн тәртібінде көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық жұмыстарының барысы, жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмысының тиімділігі және алдағы жоспарлар талқыланды. Қарулы күштер мен басқа да әскери құралымдардың өкілдері өз бөлімдеріне әскерге шақырылушыларды іріктеу тәртібі мен оларды жасақтау мәселелері туралы баяндады. Жұмысты нашар ұйымдастырған аудан, қалалардағы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Түркістан облысында 2024 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына азаматтарды іріктеу және алдын-ала зерделеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген жастар мәселесі де сөз болды.
    – Жастарды мәжбүрлеп жібермей, оларды Отан алдындағы борышын өтеуге қызықтырып, әскери өмірдің өзіндік ерекшеліктері туралы көбірек насихаттауымыз керек. Осыған байланысты өз тараптарыңыздан нақты іс-шаралар жоспарын жасаңыздар. Кейбір жастардың Қарулы күштер қатарына барғысы келмеуінің себебін анықтау үшін зерттеу жұмыстары не себепті баяу жүргізілуде? Облыстағы мектептерде «Жас сарбаз» әскери үйірме сыныптарын ашуды қолға алған жөн. Биыл өңірде әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар санын көбейтуді қолға алып, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру керек. Барлық аудан-қалада әскери-патриоттық және де әскери еріктілер клубын құру қажет, – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев.
    Өз кезегінде Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев әскерге шақыру бойынша өз ұсыныстары мен ойларын жеткізді.
    «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың негізгі міндеті – Қарулы күштерді жас сарбаздармен сапалы және уақтылы толықтыру. Бұл жұмыс үздіксіз жүреді», деді ол.
    Жиында өңірде жұмыссыз жүрген жастарды мүмкіндігінше әскерге баулу мақсатында жұмыстар қолға алынғаны айтылды. Жастарды әскери оқуға жіберу бойынша жұмыстар жүргізілетіні сөз болды. Сонымен қоса жастарды отаншылдыққа, әскери бағытта тәрбиелеу, мемлекеттік органдардың азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына қатысты мәселелер қозғалды.
    Жиында жауапты тұлғаларға әскери қызметке шақыру барысын қадағалауды күшейту және азаматтардың шақыру комиссиясының отырыстарына келуін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдау тапсырылды.
    Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысынан 4500-ге жуық азамат әскерге аттанды. Биыл да өңірден 4500 жасты әскерге жіберу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2255 жас көктегі маусымда болса, 2245 жас күздік маусымда жөнелтіледі деп күтілуде. Осы бағытта дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.