Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
    Басты ақпарат

    ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

    23.05.2024

    Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнмин қалада металлургиялық зауыт салу туралы меморандумға қол қойды. Меморандум алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер аясында жасалды. Өткен аптада мегаполис басшысы инвесторларды аумағында зауыт салу жоспарланып отырған «Темір» индустриялық аймағымен таныстырды.

    Айта кету керек, жобаны жүзеге асыру барысында компания қала экономикасына 1 миллиард 750 миллион АҚШ долларын инвестициялап, мың жаңа жұмыс орнын ашады. Үш кезеңдік металлургиялық зауыт бес жыл ішінде салынады. Жылдық өндірістік қуаты бес миллион тоннаны құрайды. Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланатын болады.

    Қала әкімі компания басшылығына мегаполиске қызығушылық танытып, өнеркәсіп саласын дамытуға тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол жобаны жүзеге асыруда, оның ішінде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде шетелдік инвесторлар бүгінде Шымкентте инвестиция тартуға барлық жағдай жасалғанына тоқталды. Зауыт іске қосылса, басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

    Айта кетейік, Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясы болат өндірісі мен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар Jiangsu Coastal Steel Group Co., Ltd ірі корпорациясының бөлігі болып табылады.

    Естеріңізге сала кетейік, қалада қуаттылығы 500 МВт-қа дейін жететін комбинирленген циклді станса салу жобасы да жүзеге асырылуда. Құны шамамен 700 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба тұрғындарды сапалы электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Сонымен қатар, ірі түрік компаниясы Alarko Holding жаңа форматтағы жылыжай кешенін салуда. 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба жалпы көлемі 500 гектар аумақта екі мың жаңа жұмыс орнын кезең-кезеңмен құруға, азық-түлік қауіпсіздігін және жаңа өндірістерді енгізу арқылы жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.