Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДА ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАР АРТАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДА ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАР АРТАДЫ

12.07.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев пен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Серікболсын Сандыбаев Қырғызстанда өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің туристік кеңес отырысына қатысты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz.
Кеңес барысында туризм саласындағы жаңа тенденциялар, ТМД құрамына кіретін мемлекеттер арасында бірлескен халықаралық туристік іс-шаралар ұйымдастырып, күнтізбе жасау, 2025 жылға жұмыс жоспары және ТМД елдерінің туристік индустрия қауымдастығы мен бірлескен жұмыс алаңын құру мәселелері талқыланды.
Кеңестің мақсаты – мемлекеттік органдар, ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар және халықаралық туристік ұйымдар арасында туризм саласындағы тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.
Нұртас Кәріпбаев өз сөзінде туризм – экономикалық өсім мен мәдени алмасудың маңызды бөлігі екенін айтып өтті. «ТМД аясындағы ынтымақтастық – барлық қатысушы мемлекеттердің туризм саласында жаңа мүмкіндігін ашады» деген ойын білдірді.
Түркістан облысының туристік әлеуеті аталған кеңес отырысы аясында өткен жәрмеңкеде кеңінен таныстырылды. Алдағы уақытта іс-шаралар күнтізбесіне бірлесе атқарар жобаларды енгізу жоспарға қойылды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.