Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

12.07.2024
Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясының Вэйнань қаласындағы жұмыс сапары барысында Түркістан облысының делегациясы аймақтағы ірі өнеркәсіп орындарын аралады. Түркістан облысының әкімдігі мен Қытайдағы Қазақстан елшілігі және Бас консулдық бірлесе ұйымдастырған кездесулер жалғасты. Бағдарлама бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация мен Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев іс-шараларға қатысты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz.
Жұмыс тобы мен түркістандық кәсіпкерлер Қытайдағы ең ірі ұн өндіретін компанияның жұмысымен танысты. Компания жоғары сапалы бидайдан күніне 70 мың тонна, жылына 27 млн тонна ұн шығарады. 35 жыл тарихы бар өндіріс алыбы дүние жүзі бойынша алдыңғы қатардағы ұн өндіру компаниясы болып есептеледі. 6 қабатты зауыттың электронды басқару орталығын 4 адам басқарады. Мемлекет қолдауымен кәсіпорын дамып, Швейцариямен стратегиялық ынтымақтастық құрған.
Келесі кәсіпорын жыл сайын 300 мың тонна сүт өнімдерін өндіреді. Фермада 48 мыңнан астам австралиялық сиыр өсіреді. Тәулігіне 200 тонна сүт өнімдерін шығаратын зауытта 200 адам жұмыс істейді.
Сондай-ақ сапар барысында облыс делегациясы мақсары майын өндіретін зауытта болды. Бұл кәсіпорын күніне 400 тонна, жылына 150 мың тонна май шығарады. Өндіріс толық автоматтандырылған. Ішкі нарықты қамтиды.
Сапар аясында жұмыс тобы индустриалды аймақ жұмысымен танысып, ауыр техника мен оның оның бөлшектерін шығаратын зауытты аралады. Алпауыт компанияның жылдық айналымы 500 млрд теңгеге жуық. Салмағы 3 тоннадан 450 тоннаға дейінгі ауыр техниканы әлемнің көптеген елдеріне саудаға шығарады. Зауытта экскаватор, бульдозердің сан алуан түрі жасап шығарылады. 9 елде зауыттары жұмыс істейді.
Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы ТОП–5 инвестор елдерінің қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 24 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал, Түркістан облысымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 149 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 60 млн. АҚШ долларын және импорт 89 млн. АҚШ долларын құрады.
Түркістан өңірі – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Облыста ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, энергетика, құрылыс, туризм салаларында инвестициялық жобалар іске асырылуда.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында Қытай капиталының қатысуымен жалпы сомасы 110 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 ірі жоба іске асырылды. Сонымен қатар бірқатар маңызды жобаларды іске асыру бойынша келісімдер жасалды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.