Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАРҒА 19 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАРҒА 19 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

12.07.2024
Жыл басынан бері Түркістан облысы аумағында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 11 дерегі анықталған. Ал облыстың барлық аудан, қалаларында жалпы 272 рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 218 жүк көлігі айыптұраққа қойылып, 19 110 900 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен Түркістан облысы аумағындағы жер қойнауын пайдану мәселелері бойынша мәжілісте мәлім болды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz.
Жиынға Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Жер қатынастары басқармасы мен Облыстық полиция департаменті, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және облыс бойынша Экология департаментінің басшылық құрамы қатысты. Сондай-ақ аудан қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары онлайн байланыс арқылы қатысты.
Жалпы облыс аумағында жер қойнауын заңсыз қазып жатқандарға қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта биыл 28 мамырда «Түркістан облысы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары» бекітілген. Іс-шара жоспары аясында тұрақты түрде жұмыстар атқарылып келеді.
2023 жылы маркшейдер маманымен облыстағы 100 жер қойнауын пайдаланушының өндіру аумақтарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы 63 кен аумағынан кемшілік анықталып, кен орындары аумақтарынан тыс қазылғаны белгілі болған.
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жүргізу туралы бұйрығына сәйкес, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы ретте, 14 жер қойнауын пайдаланушы облыстық бюджетке 9.2 млн. теңге өтеді және жер қойнауын өндіру аумақтарынан тыс қазылған аумақтарды қайта қалпына келтіру бойынша кепілхат берді.
Ал маркешейдер қорытындысымен келіспеген жер қойнауын пайдалануышы компаниялардан келтірілген залал шығындарын сот арқылы өндірту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда, 32 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты компаниялардың тіркелген аумақтары бойынша экономикалық сотқа талап арыз жолданды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 195 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 84 келісімшарт және 111 лицензия негізінде жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Сауран, Сайрам, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласының аумағында орналасқан.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.