Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МАРАПАТТАЛДЫ

02.08.2024
Қала тұрғындары үшін жолаушыларды сапалы қызметпен қамту қашанда маңызды. Бұл, әсіресе, шаһар логистикасын дамытып, өңір экономикасына тың серпін берері сөзсіз. Бұл бағыттағы жұмыстар оң нәтижесін беріп, соңғы жылдары Шымкент қаласында бірқатар қоғамдық көлік бағыттары жаңартылу үстінде.
Жолаушыларды тасымалдайтын қызметкерлердің еңбегі барлық уақытта еленіп келеді. Бүгінде «Көлік қызметкерлері күні» тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ресми мәртебеге ие мереке Президент Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді.
Мерекеге орай Көрме орталығында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен салтанатты іс-шара өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Айдын Кәрімов қатысып, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. А.Кәрімов бұл саланың ел экономикасындағы орны мен маңызына тоқталып, қыиындығы мен жауапкершілігі мол осынау салада еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, оларға табыс тіледі.
Шарада Көлік министрі Марат Қарабаевтың құттықтау хаты оқылып, бірнеше марапаттар арнайы табысталды. Атап айтқанда, осы саланың бірқатар мамандары «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен, «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен тәжірбиелі қызметкерлер марапатталды. Сондай-ақ, қала әкімі мен басқарма басшысының да Алғыс хаттармен марапатталғандар болды.
Шымкент қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Айдын Мейрамбекұлы жолаушылар тасымалын жандандыру мен жолаушылар мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, қоғамдық көліктерді жаңарту ісі алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
– Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту, жүргізушілердің мәдениетін көтеру мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым бағыттарымыз болып саналады. Сондай-ақ, жолаушылар көлігін жаңарту ісі жанданып келеді. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы қалалық мәслихатпен жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді. Схемаға сәйкес, 77 маршрутты құрайтынжаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистралды және 6 айналма маршруттары қаралған, — деді Айдын Мейрамбекұлы.
Оның айтуынша, бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, қала аумағындағы, сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар да қоғамдық көлікпен 100 пайыз қамтылған.
«Шымкент келбеті»
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.