Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ШЫМ ҚАЛА КЕШІ
Жаңалықтар

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ШЫМ ҚАЛА КЕШІ

04.08.2024
Демалыс күндері Шымкент тұрғындары қала өнерпаздарының шығармашылығын тамашалау үшін «ШымСити» демалыс
саябағына жиналады. Мәдениет, тілдерді дамыту жане архивтер басқармасына қарасты мекемелер кестеге сәйкес өнер көрсетеді. Бұған дейінде бірнеше рет ұйымдастырылған концерттік кеште көрермен лық толы болып еді. Бұл жолы да келушілердің қатары көп. Таза ауадағы мәдени бағдарлама, сазды әуен, цирк өнерпаздарының қойылымдары жасын да ересегінде баурап алған. OPEN AIR форматтаты «Шым қала кештері» бұл тек концерт қана емес, көрерменге ұмытылмас әсер қалдыруға және шабыттандыруға арналған өнер кеші.
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Ундасинованың айтуынша бұл кештерге халықтың сұранысы жоғары. Өйткені әлеуметтік желілерде және концерт соңында қала тұрғындары келіп, өз ойларын, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізетін көрінеді. Басқарма мамандары осы талап-тілектерді ескере отырып, өнерпаздарды шақырамыз дейді.
— Мәдени бағдарламаның негізгі мақсаты Шымкенттік сазгерлердің шығармашылығын насихаттау, олардың музыкалық мұраларын кең аудиторияға тарату, мәдени құндылықтарды сақтау болды. Демалыс күндерін дұрыс жоспарлар мен отбасылық ойындарға қатысып, ынтымақтастық пен татулықты ту етуді дәріптеу. Алдағы уақытта Шымкент Опера және Балет теартының өнерпаздары концерттік кешке қатысады,-дейді Мөлдір Ундасинова.
Қала тұрғындары әр сенбінің кешінде саябақта мәдени іс-шаралардың дәстүрлі түрде өтетініне дән риза.
— Өзім осы маңда тұрамын. Үнемі жанды дауыста әндер шырқалып тұрады. Жақсыны көрмекке деп, немерелерімді алып келдім. Өте тамаша қойылымдар өтуде. Қазіргі таңда балалар гаджеттерге телміріп отырады. Ал, бұл өнерге баулып қана қоймай, сапалы уақыт өткізуге үлкен себеп,-дейді қала тұрғыны Ләззат Қалманова.
Айта кетейік, демалыс саябағында өткен кеште «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі әншілері де өнер керсетті.
Шымкент келбеті
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.