Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Спорт»5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Ұлы Дала Ойындары» ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті
    Спорт

    5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Ұлы Дала Ойындары» ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

    05.08.2024

    Алматы қаласының ипподромында ұлттық спорт түрлерінен дәстүрлі «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтті.
    Фестиваль еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты, ең епті шабандоздардың, Алматы қаласының елшілері мен батырлардың басын қосты. «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Қазақ күресі», «Бәйге» сынды спорт түрлерінен 700-ден астам қатысушы бақ сынады.
    «Біздің мақсатымыз – ұлттық спортты кеңінен насихаттап, оның дамуына ықпал ету. Бүгін 2000-ға жуық адам келді. Сайыс барысында қатысушылар саны артады деп ойлаймыз. Қазір Аламан бәйгеге 63, Құнан бәйгеге 33 сәйгүлік қатысуда!», — деді фестивальді ұйымдастырушы Бауыржан Талғатұлы.
    «Құнан бәйгеде» алматылық Абзал Тұрысбек бірінші, астаналық Ерсұлтан Жарқын екінші, үшінші орынды Алматы облысынан Азамат Ақын, төртінші орынды Жамбыл облысының өкілі Арнұр Саматұлы және бесінші орынды Алматы облысынан келген Айбек Үшкемпір иеленді.
    Жүлде қоры бірінші орынға 1 миллион теңге, 2 орынға 500 мың теңге және 3 орынға 250 мың теңге, 4 орынға 150 мың теңге және 5 орынға 100 мың теңге болды.
    «Аламан бәйгеде» бірінші орынды Жетісу өңірінен келген Әлихан Болатханұлы, екінші орынды Нұрәлі Болат, үшінші орынды Еларыс, төртінші орынды Ақпейіл Көшпейілұлы, бесінші орынды Алматы облысынан келген Аян Сұлтан иеленді.
    Жүлде қоры 1-ші орынға – 1 млн 500 мың теңге, 2-орынға – 600 мың және 3-орынға – 400 мың теңге, 4-орынға – 300 мың теңге және 5-орынға – 200 мың теңге.
    Сонымен қатар, қолөнер жәрмеңкесі, қол күресі, гір көтеру, тоғызқұмалақ және асық ату бойынша турнирлер өткізілді. Қол күресінен 170-тен астам адам, гір көтеруден 40 адам қатысты. Көрермендер әсерлі жарыстардан бөлек, жыртқыш құстар мен аңшы иттерді тамашалады.
    Фестиваль қонақтары мен қатысушыларына «Алашұлы» тобы, «Сұлтан сері» этно орталығы және «Топ жарған» өнер көрсетті.
    Ұлы Дала дүбірі
    5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
    Астана, 8-13 қыркүйек

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    06.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    29.10.2026

    Студенттер пікірсайыста бақ сынады

    29.10.2026

    Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

    29.10.2026

    Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

    29.10.2026

    Чистый город начинается с каждого из нас

    29.10.2026

    ТАЗА АУЫЗСУ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

    29.10.2026

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.