Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»«БАБАЛАР ІЗІМЕН ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Жаңалықтар

«БАБАЛАР ІЗІМЕН ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

07.08.2024
ҚМДБ 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған еді. Осы орайда жыл басынан бері көптеген игі істер атқарылуда. Соның бірі «Бабалар ізімен қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының жарыққа шығуы дер едік. Құнды кітаптың тұсаукесері Астана, Алматы қаласында ұйымдастырылған болатын. Бүгін қаладағы Әл-Фараби кітапханасында жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Іс-шарада ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаладағы зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, құнды дүниенің маңыздылығын жан-жақты баяндап берді. Жиынға мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.
Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ соңғы жылдары дін мен дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті.
– Бұл еңбекті жарыққа шығаруға біршама уақыт кетті. Мың жылдық тарихымызды түптеп, сан ғасыр бұрын ұланғайыр атырапты мекендеген бабаларымыздан қалған құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізейік деген мақсатпен күрделі еңбекті ұсынып отырмыз. Кітап еліміздің барлық кітапханаларына таратылып жатыр. ҚМДБ соңғы жылдары дәстүрлі танымдарға ерекше назар аударып келеді. Бабаларымыз ұстанған сара жолды насихаттаудағы басты мақсат – келешек ұрпаққа ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни құндылықтарға негізделген дәстүрлі дініміздің негіздерін жеткізу. Себебі дәстүрлі дінімізбен сусындаған жастар жат ағымның жетегінде кете қоймасы анық. Бұл салада бірнеше жоба қолға алынды. Соның бірі осы құнды еңбек, – деді бас мүфти.
Жаңа кітапта асыл дініміз Исламның қазақ даласына келу тарихы, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріндегі діннің алар орны мен бабалар ұстанған иман негіздері, сондай-ақ, мұсылмандық әдет-жоралғылары қамтылған. Кітап үш бөлімнен тұрады.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев аталған еңбек жастарға жол сілтеуші құнды кітапқа айналарына сенім білдірді.
Сондай-ақ, жиында бас мүфти алдағы жоспарлардан хабардар етті. Іс-шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мүфтияттың игі бастамасы жайлы оң пікірлерін айтып, ізгі ниеттерін жеткізді.
«Шымкент келбеті»
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.