Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жаңалықтар

ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

09.08.2024
ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Алдымен министрлік тарапынан елімізде және үшінші мегаполисте энергетика және инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған іс-шаралар жайында баяндады. Отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті.
Вице-министрдің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-шілде айында өңірімізде электр энергиясын өндіру көлемі 1,3 млрд кВтсағ. құраған. Бұл жағдайда өңірдің тұтыну көлемі – 3,9 млрд кВт сағ. Ерлан Құдайбергенұлы бүгінгі таңда елімізде өңірлерді газдандыру бойынша Шымкент қаласы жоғары көрсеткішке ие екендігін айтты.
– 2025 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде «Шымкент қаласының Ынтымақ шағынауданында 110/35/10 кВ кіші станция және 110 кВ электр желілерін салу» жаңа жобасын іске асыруға 5,0 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу қарастырылуда. Жобаны іске асыру кезінде Ынтымақ, Батыс, Солтүстік саяжай, Жаңатұрлан, Темірші әулие шағынаудандарының 45 мыңға жуық тұрғыны және Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі әуежайдың жаңа терминалы үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі. Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласының газдандыру деңгейі еліміз бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. 2024 жылға республикалық бюджеттен 9 жобаны іске асыруға 10,4 млрд теңге қарастырылды (4-і жалғасуда, 5-і жаңа). Жобаларды іске асыру нәтижесінде келешекте қосымша 80 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізе алады және газдандыру деңгейі 100 %-ды құрайды, – деді Ерлан Құдайбергенұлы.
Сондай-ақ, 2023 жылы Шымкент МӨЗ-ін 12 млн тн-ға дейін кеңейтудің базалық жобасы басталды (қолданыстағы қуаты – 6 млн тн.). Кеңейту шеңберінде 12 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу жоспарланған. Жобаны іске асырудың нәтижесінде шамамен 4000 уақытша жұмыс орны мен 1200 тұрақты жұмыс орны құрылмақ.
Кездесуде тұрғындар табиғи газ, сұйық газ және инфрақұрылымға қатысты сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, Ынтымақ елді мекенін газбен қамтамасыз ету, жылу жүйелерінің тозуын төмендету бойынша қолға алынған жұмыстардың барысы және тағы басқа сауалдарға вице-министр нақты жауап берді.
Вице-министрдің жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізуі де жоспарланған.
«Шымкент келбеті»
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.