Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Спорт»ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
    Спорт

    ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

    11.08.2024

    Жетісай ауданында Қазақстан бірінші лигасының кезекті туры өтті. Жетісайлықтар Оралдың «Ақжайық» командасын қабылдады.
    Кездесудің алғашқы таймының бірінші жартысында қарсылас команданың қарым-қабілетін бағамдаған жетісайлықтар қорғанысты күшейтті. Ойынның 37-ші минутында Жетісай командасының сұрмергені, Рамазан Абылайхан есепті ашса, 43-ші минутында Әділет Омарбек есепті еселеді. Осылайша алғашқы таймды 2:0 есебімен аяқтаған аяқдопшылар ойынның 63-ші минутында Асылжан Асатулланың салған голымен ойынды қорытындылады.
    Тартысты ойынды тамашалап, жергілікті командаға жанкүйер болған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен ел азаматтары кездесуден соң теңбіл доп шеберлерін жеңістерімен құттықтады. 16-тамыз күні «Екібастұз» құрамасымен өтетін кезекті кездесуде жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді.
    Айта кетейік, «Ақжайық» құрамасын айқын басымдықпен жеңген «Жетісай» командасы 18 кездесуде 34 ұпай еншілеп, турнир кестесінде ІІ орынға табан тіреді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    06.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.